Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бүгінгі таңда 5 қызметкер жұмыс жасайды. Атап айтсақ, 1 басшы, 1 бас маман, 1 есепші,1 іс жүргізуші, 1 автокөлік жүргізушісі қызмет атқарады. Бөлім басшысы Тілепқалиева Жеміс Базарғалиқызы аудан әкімінің 2010 жылғы 01 қарашадағы №160-к өкімімен тағайындалды. Бөлімнің бас маманы Хасанова Алтын бөлім басшысының 2014 жылғы 25 қарашадағы №169 бұйрығымен тағайындалды.

Бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

Бөлімнің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы;

-«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-Ү Заңы;

-«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы.

-«Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады.

Бөлімнің қабылдау бөлмесінде азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-11-36 сенім телефоны орнатылған.

Бөлім орналасқан ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа арналған жадынамалар ілінді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 19.06.2018 09:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.06.2018 09:10

Қаралым саны: 869