Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Индербор кенті әкімінің аппараты» ММ

Индербор кенті әкімінің аппараты-мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Индербор кенті әкімінің аппараты-мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-12 бірлікті құрайды, бүгінгі таңда тақты саны-10 бірлік. Атап айтсақ, 1 басшы, 1 кент әкімінің орынбасары және 10 бас маман қызмет атқарады. Индербор кенті әкімінің міндетін атқарушы Тұрабаев Рулан Жамбылұлы аудан әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы №46-к өкімімен тағайындалды. Аппаратың бас мамандары С.Кашкинов, А.Габдуллин, М.Нугманов, Г.Ибрашева, Э.Саркенова, Э.Уразбаева, Г.Кенжебаева, А.Хамзина және Е.Осипян қызметтерін атқарады. Жыл сайынғы еңбек демалысына 2 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Индербор кенті әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375 «Кәсіпкерлік кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі;

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңы мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс жасайды.

Аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:

1.«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» бойынша 2017 жылдың маусым айына дейін 162 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» бойынша 2017 жылдың маусым айына дейін 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3.2017 жылдың маусым айына дейін заңды және жеке тұлғалардың 293 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді.

Жергілікті басылымға аппараттың қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерге орнатылып, 2-09-97 сенім телефоны орнатылған.

Аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стенд жасақталып, көрнекті жерге ілінді. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері анықталған жоқ.

«Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы,
Индербор кенті, Д.Қонаев көшесі №14 «А» тел: 8(71234) 2-18-26;


Мақаланың шыққан күні: 04.10.2017 01:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2017 01:10

Қаралым саны: 1097