Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бүгінгі таңда 5 қызметкер жұмыс жасайды. Атап айтсақ, 1 басшы, 1 бас маман, 1 есепші,1 іс жүргізуші, 1 автокөлік жүргізушісі қызмет атқарады. Бөлім басшысы Тілепқалиева Жеміс Базарғалиқызы аудан әкімінің 2010 жылғы 01 қарашадағы №160-к өкімімен тағайындалды. Бөлімнің бас маманы Хасанова Алтын бөлім басшысының 2014 жылғы 25 қарашадағы №169 бұйрығымен тағайындалды.

Бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

Бөлімнің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы;

-«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-Ү Заңы;

-«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы.

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекті орынға орнатылып, 2-11-36 сенім телефоны орнатылған.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2019 11:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2019 11:40

Қаралым саны: 701