Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.08.2020

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой ауданы, «Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

Құлсары қаласы, Ж.Ізтұрғанов көшесі №7, тел: 8(71237) 51623

 

«Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау жүргізу мақсатында бөлімнің 2018 жылғы 18маусымдағы №9 бұйрығымен жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

«Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны-2, нақты жұмыс істейтіндер саны-1, бос мемлекеттік әкімшілік қызметші вакансия-1, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандаржоқ.

Бөлімдемемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып орындалады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін мерзімдерін бұзып қарау немесе азаматтарды «әуре-сарсаңға» салу фактілеріне жол берілмейді.

Бөлім басшысымен бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралыбұйрығына, Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №18 «Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №138 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»

қаулысына өзгеріс енгізу туралы және 2018 жылғы 27 ақпандағы №18 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №207 «Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес «Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері әкімшілік ғимаратында қолжетімді жерге ілінген және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіліп отыр.Сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру мақсатында «Пара беру бос бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау», «Пара берсең жазаланасың», «Параға емес, биікке ұмтыл» атты жадынамалар таратылып, баннерлер ілінген.

«Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.

Бөлімнің ғимаратында тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін салуға арналған арнайы жәшіктер мен телефондарды сақтауға арналған шкафтар орнатылған.Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс сипаттағы материалдар жарияланған жоқ.Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік мекемеде талдау жүргізу кезеңінде жасырын сауалнамаларжүргізілді.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмадыдеген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 03:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 03:25

Қаралым саны: 1036