Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой ауданы, «Жем ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

«Жем ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында округ әкімінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №22-ө өкімімен жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

«Жем ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны-7, нақты жұмыс істейтіндер саны-5, количество свободных мест (на время декретного отпуска)-1, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар жоқ.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.

2018 жылдың 6 айы қорытындысымен жер мәселелеріне қатысты жеке тұлғалардан19 өтініш, заңды тұлғалардан 1өтініш түсті. Жүгінген тұлғаларға бірегей нөмірі бар талон беріледі.

Жыл басынан бері 29 шешім және мемлекеттік сатып алу туралы жұмыстарға 10 негізгі қызмет бойынша өкімдер қабылданды.

Округте жоспар бойынша 2018 жылы бюджетте қаралған қаражат 25 млн.743 мың теңге, 5 айда игерілгені 25 млн. 734 мың теңге яғни 100 % игеріліп отыр.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып орындалады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін мерзімдерін бұзып қарау немесе азаматтарды «әуре-сарсаңға» салу фактілеріне жол берілмейді. Округ әкімі бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қарашадағы №339 қаулысына сәйкес Жем

ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Жыл басынан бері «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша мемлекеттік қызмет алушы болған жоқ.

Жыл басынан бері мектепке дейінгі балалар ұйымына 38 жолдама берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері әкімшілік ғимаратында қолжетімді жерге ілінген және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіліп отыр.Сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру мақсатында «Пара беру бос бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау», «Пара берсең жазаланасың», «Параға емес, биікке ұмтыл» атты жадынамалар таратылып, баннерлер ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары жасақталды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2018 жылға арналған Кешенді жоспардың» «Таспа» жобасына сәйкес Жем ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік сұхбат ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері арасында жүргізілді.

Жем ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Жылыой ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Шәкіров Жем ауылдық округі əкімдігі қызметкерлеріне ҚР Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауыл әкімі аппараты ғимаратында тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін салуға арналған арнайы жәшіктер мен телефондарды сақтауға арналған шкафтар орнатылған.Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс сипаттағы материалдар жарияланған жоқ.Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік мекемеде талдау жүргізу кезеңінде жасырын сауалнамалар жүргізілді.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «Жем ауылдық округі әкімінің аппараты» қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 01:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 01:16

Қаралым саны: 878