Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат 2018 жылдың ІІ жартыжылдығы

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, orly_okrug@mail.ru, Орлы ауылы, Н.Манаев көшесі 14 үй, 8(712)33 3-54-11, факс 3-55-96

Бақыланатын кезең: 2018 жылдың ІІ жартыжылдығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде округ әкімінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №113 ««Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемсінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі шығарылды. Аталған өкім негізінде округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу округ әкімінің кеңесшісі А.Кибатуллинге жүктелді.

Талдауда аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша

Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы №9 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қызмет атқарады. Аудан әкімдігінің 21.11.2018 жылғы №361 қаулысы бойынша округ әкімі аппаратының штатық саны – 6 бірлікті құрайды, оның қазіргі нақты саны - 6 бірлік. Қалған қызметкерлер саны 10 адам. 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер жұмысқа қабылданған жоқ. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 2 мемлекеттік қызметші (жыл ішінде 6 мемлекеттік қызметші) жіберілген. Округ әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №31 өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін ІІ жартыжылдықта 1 мемлекеттік қызметшіге (жыл ішінде 2 мемлекеттік қызметшіге) тәртіптік шара қолданылған.

Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылды.

ІІ.Нормативтік құқықтық актілер бойынша

2018 жылдың есепті мерзім ішінде 33 өкім (жыл қорытындысымен 113) шығарылып, 30 шешім (жыл қорытындысымен 100 шешім) алынған. Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдарынан аталған мәселе бойынша қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Сонымен қатар, талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

 

ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысында көрсетілген 2 мемлекеттік қызмет «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі №160 қаулысы мен «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

2) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

Есепті мерзім ішінде жалпы саны – 72 мемлекеттік қызметттер көрсетілген, оның ішінде уақытынан кешіктіріліп орындалған қызметтер мүлдем жоқ.

ІV. Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау Функциялары жоқ

VІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Округ әкімінің аппаратына 2018 жылдың ІІ жартыжылдығына барлығы 62 өтініш (жыл қорытындысымен 113) келіп түскен. Жеке тұлғадан 62 өтініш (жыл қорытындысымен 113), заңды тұлғалардан өтініш түспеген. Оның ішінде қаралғаны 62 (жыл қорытындысымен 113), қанағаттандырылғаны 56 өтініш (жыл қорытындысымен 90), жазбаша түсіндірілгені 6 (жыл қорытындысымен 23). Мерзімі ұзартылып қаралған өтініштер жоқ. Есепті мерзімде округке жер учаскесіне кезекке тұрған азаматтар саны 14 (жалпы кезек саны 127). ХҚКО-ғы арқылы жер мәселесімен 8 өтініш (жыл қорытындысымен 10) түскен, ол өтініштер уақтылы аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жіберіліп заңдылыққа сай мерзімінде қаралуда.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, апта сайын комиссия мүшелерімен қаралып, акт толтырылған. Күні бүгін сенім жәшігіне түскен арыз-шағымдар жоқ. Округ әкімі аппаратында 3-55-96 сенім телефоны жұмыс жасауда.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде Орлы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2018 жылдың ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


Мақаланың шыққан күні: 04.01.2019 11:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2019 11:54

Қаралым саны: 602