Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

«Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққақарсы мониторинг жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілермен ұсынылатын ақпараттың нысаны.

І. Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді: жеке/заңды тұлға,/ электронды поштаның мекенжайы/телефон нөмірі.

«Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі 1, тел: 8(71233) 3-94-34.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: басталды 26 маусым 2017 жыл аяқталды 30 маусым 2017 жыл.

4. Бақыланатын кезең: 2017 жыл қаңтар-шілде айларының қызметі.

«Атырау облысы,Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі 1,

тел: 8(71233) 3-94-34.

 

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Ауылдық округ қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №498 «Дыңғызыл селолық округінің әкім аппаратының Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 5 бірлікті құрайды, онын нақты саны -5 бірлік. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Ауылдық округ өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

Округке қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бөлім жалпы саны – 34 мемлекеттік қызметттер көрсетті.

Округке жеке тұлғалардан 2017 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша 10 өтініш келіп түсіп, 3 жеке тұлғаға түсінік беріліп, 6 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды, 1-уі қаралуда. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-94-34 сенім телефоны орнатылған.Округ ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Қорытынды:

Округтің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Округтің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Округ әкімі: О.Азимов

 


Мақаланың шыққан күні: 03.11.2017 08:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.11.2017 08:56

Қаралым саны: 1249