Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі тадауды жүргізу туралы ақпарат

«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі, 140 ғимаратта орналасқан.

Тел.: 8/71239/ 3-10-83

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі тадауды жүргізу туралы ақпарат.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық құрылыс бөлімінің штат саны – 5 (1 басшы, 1 бас маман, 1 заңгер, 1 есепші-бас маман, 1 жүргізуші) адам.

Аудандық құрылыс бөлімінің заңгері бала күтіміне демалысқа шығуына байланысты 2019 жылдың 10 қазаннан бастап Ізбай Ақжол Қайратович уақытша қызметке тағайындалды.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық құрылыс бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы №53 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық құрылыс бөлімі туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық т әуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Аудандық құрылыс бөлімінің негізгі міндеттері:

1) бюджеттен қаржыландырылатын, аудан көлемінде жүргізілетін құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалау;

2) құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік және тұрғын үй объектілерінің жыл бойғы және болашақтағы құрылыс жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды;

3) кәсіпорын мен мекемелердің жобалау-сметалық құжаттамаларының дұрыстығын және сенімділігін, аудан көлеміндегі тиісті ғимараттар мен құрылғылардың құрылыс жұмыстарын тексереді;

4) аяқталған құрылыс және объектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын ресімдеуге, сондай-ақ объектілерді эксплуатацияға қабылдау жұмыстарын жүргізу.

Жобалау-сметалық құжаттама жасақтау бойынша бірнеше жобалар уақытылы және толық көлемде тапсырылмауына байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды. 2018 жылдың 22 қазанында Атырау облыстық

ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының №2310-18-00-2/3874-іс шешіміне сәйкес жобалаушы мекеме аударылған қаражатын кері қайтаруы тиіс болатын. Жобалаушы мекеме бірнеше рет аппеляциялық шағым берді. Алайда, соттың бірінші шыққан шешімі өзгеріссіз заңды күйінде қалдырылды. Қазіргі уақытта қаражаттары бюджетке кері қайтарылуда.

Сонымен қатар, Мақат ауданы бойынша бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ:

1)Доссор кентінен 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, құрылыс қаражаты 935,5 млн.теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың сәуір айы. Мердігер «Аман-Құрылыс» ЖШС;

2) Мақат кентінен 3 қатарлы 60 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, қаражаты 1 612,0 млн.теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың шілде айы. Мердігер мекеме «ДанСтрой-База-ЛТД» ЖШС.

3) Мақат кентіндегі су қоймасы қазандығын жастар орталығына, музейге және көрмеге қайта жаңғырту жұмыстары басталды, қаражаты 170,9 млн.теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың ақпан айы. Мердігер мекеме «ДанСтрой-База-ЛТД» ЖШС.

4) Мақат кентінен көп салалы спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, қаражаты 225,6 млн.теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың шілде айы. Мердігер мекеме «ДанСтрой-База-ЛТД» ЖШС.

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2019 жылғы 12 айында өтініш түскен жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-10-83 нөмірі бекітілген.

Аудандық құрылыс бөлімі Облыстық Құрылыс басқармасының ауданды орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Электронды пошта: otdelstroy85@mail.ru

Сенім телефоны: 8/71239/3-10-83


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:38

Қаралым саны: 141