Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, orly_okrug@mail.ru, Орлы ауылы, Н.Манаев көшесі 14 үй, 8(712)33 3-54-11, факс 3-55-96

Бақыланатын кезең: 2019 жылдың ІІ жартыжылдығы.

 

Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде округ әкімінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы  №7 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі шығарылды. Аталған өкім негізінде округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу округ әкімінің кеңесшісі А.Кибатуллинге жүктелді.

Талдауда аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша

Орлы  ауылдық  округ  әкімінің аппараты Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы №9 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына   сәйкес қызмет атқарады. Аудан әкімдігінің 21.11.2018 жылғы №361 қаулысы  бойынша округ әкімі аппаратының   штатық саны – 6 бірлікті құрайды, оның қазіргі  нақты саны - 5 бірлік. 2019 жылдың ІІ жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер жұмысқа қабылданған жоқ. Есепті мерзім ішінде еңбек демалысына – 3 мемлекеттік қызметші жіберілген. Округ әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №31 өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін ІІ жартыжылдықта 1 мемлекеттік қызметшіге «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылған.

ІІ.Нормативтік құқықтық актілер бойынша

2019  жылдың есепті мерзімі ішінде 69 өкім шығарылып, 57 шешім алынған. Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына  мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдарынан аталған мәселе бойынша қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Сонымен қатар, талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысында көрсетілген 3 мемлекеттік қызмет «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі №160 қаулысы мен «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №182 қаулысына сәйкес көрсетіледі:

1)Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

2)  Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

3) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

Есепті мерзім ішінде жалпы саны – 120 мемлекеттік қызметттер көрсетілген, оның ішінде уақытынан кешіктіріліп орындалған қызметтер мүлдем жоқ.

ІV. Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау  Функциялары  жоқ

. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Округ әкімінің аппаратына 2019 жылдың ІІ жартыжылдығы ішінде барлығы 62 өтініш келіп түскен. Жеке тұлғадан 61 өтініш, заңды тұлғалардан 1 өтініш түскен. Оның ішінде қаралғаны 62, қанағаттандырылғаны 49, жазбаша түсіндірілгені 13. Есепті мерзімде округке   жер   учаскесіне кезекке  тұрған     азаматтар  саны 12.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, апта сайын комиссия мүшелерімен қаралып, акт толтырылған. Күні бүгін сенім жәшігіне түскен арыз-шағымдар жоқ. Округ әкімі аппаратында 3-55-96 сенім телефоны жұмыс жасауда.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Жоғарыда  баяндалғандар негізінде  Орлы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2019 жылғы ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

Орлы ауылдық округінің әкімі  А.Мұфтах


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 16:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 16:20

Қаралым саны: 90