Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Атырау облысы, Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі,Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-баының 5-тармақтарына сәйкес,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығы орай, келесі 2018 жылдың қортындысымен ақпаратты ұсынады:

Ветеринария бөлімі қызметін «Құрманғазы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 4 маусымдағы №182 Атырау облысы Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарылады.

Аудан әкімі өкіміне сәйкес штаттық саны – 7 адам бірлікті құрайды, оның нақты саны – 7 бірлік. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысына – 7 қызметкер жіберіледі. Мүдделер қақтығысы жоқ.

Ветеринария бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 414 –V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 –V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 -III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 -II « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 –II «Ветеринария туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы №375 – V ҚРЗ;

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

 

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысы.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 307 қаулысына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

1) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық – санитариялық қортынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2018 жылдың 20 желтоқсан жағдай бойынша саны 12653 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

1) Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан ветеринариялық – санитариялық қортындыға 2018 жылдың 20 желтоқсан жағдайы бойынша 16 өтініш келіп түсіп, өтініштері толықтай қанағаттандырылды.

2) Ветеринариялық стансаның ветеринариялық дәрігерлері арқылы 4299 ветеринариалық анықтама берілді.

3) Ауыл шаруашылық жануарларына ветеринариялық паспорт бере отырып,8338 бас бірдейленді.

Азаматтардың арыз – шағымдарын салуға арналған арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналтылған, сенім телефоны 2-08-60

1. «Мемлекеттік қызметтерге мән берілсін» деген тақырыпқа мақала Серпер газетінің 2018 жылғы 8 – ақпандағы №6 басылымына берілді.

2. «Сиырыңның құлағында сырға бар ма?» деген тақырыпқа мақала Серпер газетінің 2018 жылғы 5 – сәуірдегі №14 басылымына берілді.

3. «Ветеринария бөлімінің көрсететін мемлекеттік қызметтері» деген тақырыпқа мақала Серпер газетінің 2018 жылғы 3 – мамырдағы басылымына берілді.

4. «Дәрігер адамды, ветеринар адамзатты емдейді» деген тақырыпқа мақала Серпер газетінің 2018 жылғы 10 – мамырдағы басылымына берілді.

Бөлімнің ғимаратының көрнекі жеріне сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық - балалардың арманын ұрлау», «Бір пара екі қылмыскер» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің басқарушылық – ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басшылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

Бөлім басшысы Ә.Әбдірахман


Мақаланың шыққан күні: 04.01.2019 11:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2019 11:41

Қаралым саны: 819