Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30/9 тел:8(71234) 2-13-43, 2-10-38;

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде,  келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 тамыздағы №182 «Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 4 бірлікті құрайды, онын нақты саны - 4 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 4 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 06 мамырдағы №4-3/421 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №31 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі №593 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы №132- ІV Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы;

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-10-38 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стенд жасақталып, көрнекі жерге ілінді. Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді. Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 10.07.2017 02:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.07.2017 02:11