Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Байда ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Байда ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына және «Сыбалас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Округ әкімі аппаратының қызметін Құрманғазы ауданы әкімінің 2013 жылғы 5 қарашадағы №5 «Байда ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімінің өкіміне сәйкес мекеменің штаттық саны – 6 бірлікті құрайды, оның нақты саны – 5 бірлік, 1 бірлік бала күтіміне байланысты уақытша (01.11.2020 жылға дейін) бос. Жыл сайынғы еңбек демалысына 5 адам жіберіледі. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Байда ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

* «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;

* «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

* «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңы;

* Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

* «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Заңы;

* «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы;

* «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-І Заңы;

* «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығы;

* «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 30 тамыз 1995 жыл;

* «Жер Кодексі» 20 маусым 2003 жылғы №442 ҚРЗ;

* «Кәсіпкерлік Кодексі» 29 қазан 2015 жылғы №375-V ҚРЗ;

* «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-ІV Заңы;

* «Әкімшілік рәсімдеу туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңы;

* «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ;

* «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63-ІІІ Заңы;

* «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-ІІІ Заңы;

* «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңы;

* «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V Заңы;

* «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-ІІІ Заңы;

* «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

* «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ;

* «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қарашадағы N 1086 Қаулысы;

* «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңы;

* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 78 Жарлығы;

* «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121 Заңы;

* «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 648 Жарлығы;

* «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ Заңы;

* «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ;

* «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N2676 Заңы;

* «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ.

 

Округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрепциялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Округ әкімі аппаратына қатысы сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес округ әкімі аппаратында төмендегіше мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру».

2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша округ әкімі аппараты жалпы саны – 5 мемлекеттік қызметтер көрсетті, көрсетілген мемлекеттік қызметтерден уақытынан кешіктіріліп орындалғаны жоқ.

Округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша 20 өтініш келіп түсіп, оның ішінде: 9 тұлғаға түсінік беріліп, 11 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 6-15-35 сенім телефоны орнатылған. Округ әкімі аппаратының ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ», «Біздің құндылықтар – білім беру ісіндегі адалдық пен академиялық шыншылдық», «Парасыз қоғам – Ұлт болашағы», «Еліміздің өркендеуі адал және сатылмайтын азаматтардың қолында», «Адалдықпен сатылмайтындық Атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгісі» атты жадынамалар ілінді.

Округ әкімінің аппараты бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Округ әкімі аппаратының басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 03:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 03:04

Қаралым саны: 766