Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі 1, тел.: 8(71233) 3-94-34

 

Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 7, 8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Округ әкімі аппаратының қызметін Құрманғазы ауданы әкімінің                   2018 жылғы 23 қаңтардағы №19 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Бектемировтың 2018 жылғы 21 қарашадағы «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» №361 өкіміне сәйкес мекеменің штаттық саны – 6 бірлікті құрайды, қызмет атқаратыны –6 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына 6 адам жіберіледі. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданылады:

-  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының       2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы;

-  «Қазақстан Республикасындағы тіл тіралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;

-  «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі               №3-2/378 бұйрығы;

-  «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыз;

- «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Заңы;

- «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы             №561-ІV Заңы;

- «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңы;

- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының             2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңы;

- «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңы;

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 Заңы;

- «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының     1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңы;

- «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңы;

-  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;

-  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ;

-  «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қарашадағы №1086 Қаулысы;

-  «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-ІV;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы                 21 қаңтардағы №72-V Заңы;

- «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 Заңы;

- «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №124 Қаулысы;

-  «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі №1488-ХІІ Заңы;

- «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы №285-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 Заңы;

- «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V ҚРЗ;

Округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрепциялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Округ әкімі аппаратына қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 2019 жылдың                                               ІІ жартыжылдығы бойынша 14 өтініш келіп түскен, оның ішінде: 1 тұлғаға түсінік беріліп, 12 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды және 1 тұлғаның өтініші қанағаттандырылған жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерде орналастырылған, 3-94-34 сенім телефоны орнатылған. Округ әкімі аппаратының ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Пара берсең, жазаланасың», «Параға емес, биікке ұмтыл», «Парақорлық – балалардың арманын ұрлау», «Бір пара – екі қылмыс» тақырыбында жадынамалар ілінді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу бағытындағы округ тұрғындары арасында: «http: //school.kurmangazy.atyrau.gov.kz»,«INDIGO.kz»,«garden.kurmangazy.atyrau.e-orda.kz.ru» ақпараттық жүйелерін пайдалану қағидаттары мен осы жүйелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерін таныстыру және пайдалануын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күні бүгін аталған сайттар арқылы тұрғындар өздеріне қажетті қызмет түрлерін алып отыр. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлерімен және округ тұрғындарымен кездесу жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Атырау – адалдық алаңы» қызметкерлері баяндама жасап, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Округ әкімінің аппараты бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Округ әкімі аппаратының басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Алға қарай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңейтіліп, жоспарға сай атқарылатын болады.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:01

Қаралым саны: 85