Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 жылы атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

Жылыой ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылып, тұрақты қызмет атқаруда. 2018 жылы комиссияның 4 отырысы өткізіліп, 9 мәселе қаралды (2017 – 4 отырыс, 9 - мәселе қаралды). 2018 жылғы өткізілген комиссия отырыстарында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы тыңдалды.

Аудан жастарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жылыой ауданы жастар ресурстық орталығымен 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында жастар арасында флешмоб, «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасы аясында интеллектуалдық ойындар және акциялар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырмажылдық қалыптасуы» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды, жастарға «Пара беру - бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» атты тақырыбында арнайы жадынамалар таратылды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, әкімдіктің ресми интернет ресурсында Жаңа Қаратон кентінің әкімінің «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет» атты мақаласы, аудандық қоғамдық-саяси «Кең Жылой» газетінде Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімінің «Сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!», аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысының «Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес», аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысының «Сенім телефоны жұмыс жасап тұр» атты мақалалары жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған, мемлекеттік қызметтің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің оң имиджін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер, қоғам белсенділері, студенттер, азаматтық қызметшілер арасында «Әлеуметтік сұхбат» түсіріліп, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде парақшаларына орналастырылды.

Жылыой ауданы әкімінің 2018 жылғы 2 наурыздағы өкімімен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау» жөніндегі аудандық арнайы мониторингтік топ құрылып, жоспары жасақталып, бүгінгі таңда өз жұмысын атқаруда. 2018 жылдың

I жартыжылдығында арнайы мониторингтік топпен аудандық білім және жер қатынастары бөлімдеріне сыртқы талдау және бағалау жұмыстары жүргізілді. Сыртқы талдау барысында арнайы мониторингтік топпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар, «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру мақсатында ілінген стендттер, арыз-шағым жәшіктері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы және тағы да басқа мән-жайлар қаралды.

Әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін баннерлерді орнату, ақпараттық жадынамаларды және плакаттарды орналастыру тұрақты түрде эскиздерді кезеңді жаңарта отырып тарату көзделген. Осының аясында 2018 жылы Жылыой ауданына қарасты қала, кент, ауылдық округтерде барлығы 25 билбордтар, баннерлер ілінді. (I тоқсанда- 8 «Жемқорлықтың тізбегін үз» тақырыбында, II тоқсанда – 6 «Параға емес, биікке ұмтыл», III тоқсанда – 6 «Берите вершины, не взятки», VI тоқсанда – 5 «Бір пара екі қылмыскер», «Таңдау өзіңде» тақыртарында және т.б)

Ауданда «Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында көрме, аудандық балалар кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» әңгіме шолу, №4 кітапхана «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы кездесу кеші, аудандық «Атамұра» мұражайында «Өркениетті елде жемқорлыққа жол жоқ!» атты көрме өткізілді.

Жылыой ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 6 сәуірінде «Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет» атты 4 кезеңнен тұратын топтық сайыс өтті. Сайысқа қала, кент, ауылдық округтердің, дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Жылыой ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүргізіле беретін болады.


Мақаланың шыққан күні: 21.01.2019 16:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2019 16:40

Қаралым саны: 611