Array Дыңғызыл ауылдық округі бойынша 2015 жылғы 27 наурыз, 9 маусым, 21 қыркүйектегі «Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиясының» №1, 2, және 3 хаттамаларында көрсетілген шараларды, атқарылған жұмыстар туралы хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Дыңғызыл ауылдық округі бойынша 2015 жылғы 27 наурыз, 9 маусым, 21 қыркүйектегі «Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиясының» №1, 2, және 3 хаттамаларында көрсетілген шараларды, атқарылған жұмыстар туралы хабарлама

Жыланды ауылында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су тарту жұмыстары жүргізілуде. 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасы бойынша жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу шаралары ұйымдастырылып, қатаң бақылауда ұсталып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл бүкіл халықтық іс деген пікірді қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылып келеді. Азаматтардың бұл көріністерге бей-жай қарамауына қол жеткізу мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді, әсіресе рұқсат беру құжаттарын беру халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі. ХҚКО аудандық бөлімі, Көші-қон полициясы және аудан әкімінің аппарат басшысымен келісілген жоспарға сай құрылған ХҚКО-ның мобильдік топ қызметкерлері 2015 жылдың қаңтар айынан бастап айына 2 рет округке келіп, округ тұрғындарына 28 қызмет түрінен қызмет көрсетті.

Округ бойынша 2 түрлі бағытта мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр: қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама беру және шалғай елді мекендерден оқушы балалар тасымалы. Жыл басынан бері көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-164, мемлекеттік көрсетілген қызметтер түрін алған адам саны-356. Мерзімдерді бұзумен көрсетілген мемлекеттік қызметтер және көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлеріне берілген шағымдар болған жоқ.

Азаматтардың өтініш-тілектерімен жұмыс жүргізу әкімдік қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Жыл ішінде жеке тұрғындардан 16 арыз қабылданып, оның 14-і қанағаттандырылып, 1-уі түсіндірілді. Өтініштер негізінен тұрғын үй, дүкен салуға жер сұрау, біржолғы материалдық көмек сұрау т.б мазмұнда. Өтініш иелеріне заң шеңберінде жауаптары уақытылы берілді.

Жыл басынан бері округ әкімінің 34 шешімі, 98 өкімі шығарылды. Әділет басқармасына тіркеуге жіберілген шешім, өкімдер болған жоқ. Номативтік құқықтық актілер ай сайын аудандық прокуратураға сараптамаға жіберіледі. Жыл басынан бері 870 шығыс, 1014 кіріс құжат айналымы болды. Құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Лотос бағдарламасына тіркеліп отыр.

Жергілікті бюджетке 4 салық түрі бойынша салық түсімдері түседі. 2016 жылға түсетін салық сомасының болжамы төмендегідей:

1.Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша - 216600 теңге;

2.Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша - 20064 теңге;

3.Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы бойынша - 76890 теңге;

4.Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша - 992771 теңге;

Округ бюджетінің мақсатты жаратылуы қадағаланып отырылады, заңсыз, есепсіз қаржы жаратылуына жол берілмейді.

Округ бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстардың барлығы да мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу саясатын насихаттауға негізделген.

Алдағы жұмыстарымызда да сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу үшін жұмыстанамыз.


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2016 18:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2016 18:11