Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.06.2017

Қызметтер

Қиғаш ауылдық округ аясында атқарылып жатырған жұмыстар туралы мәлімет

Қиғаш ауылдық округі бойынша ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты талқылау, насихаттау, түсіндіру жұмыстары округ қызметкерлерімен, шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен, мекеме басшыларымен іс-шара жоспары негізінде атқарылды.

Президент Жолдауын талқылау, насихаттау барысында 17 ақпан күні «Сазды» шекара заставасының шекарашыларымен Қиғаш ауылдық клубының ғимаратында кездесу өтті. Қиғаш орта мектебінде 09 ақпан күні «Мұқағали жырлары» атты мәнерлеп оқудан 5-11 сынып оқушылары арасында сайыс өтті. Сайысқа мектеп оқушылары белсене қатысты. Қиғаш жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нигметова Асылай ауданда «Жырлайды жүрек» атты ән-би байқауына қатысып, дипломмен марапатталды. Мектеп оқушылары арасында Мұхтар Әуезов шығармашылығына арналған «Оқырмандар» конференциясы өтті.

«Айгөлек» бала-бақшасында тәрбиешілердің сүйемелдеуімен «Қыс қызықтары», «Қысқы киімдер» атты ашық сабақтар өтті. Ауылдық клубта кітапханамен бірлесіп ауыл жастарымен «Жастар-ел болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. 15 ақпан күні ауған соғысының ардагері Кенжеев Сәбит атамызбен ауылдық клубта «Ауған соғысы –үлкен қасірет» атты кеш өткізілді. Кеш барысында ауған соғысының ардагері, өзінің отты жылдарын еске алып, тұрғындарға әңгімелеп берді. Мектеп оқушылары әсерлі әңгіме желісімен көптеген сұрақтар қойды. Клуб меңгерушісі Измуратова Ынташ соғыс ардагеріне алғыс айтып, оның өміріне денсаулық тілеп, естелікке сыйлық табыс етті.

15 ақпан күні Қиғаш жалпы орта мектебі мен ауылдық клуб бірлесіп «Балбесік» ән байқауын өткізді. Байқауда Райнурқызы Әлази жеңімпаз атанып, ауданда 27 ақпанда өтетін ән байқауына қатысады. Наурыз айындағы «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні», «22-наурыз» мейрамын өткізу үшін округ бойынша мекемелер қызу дайындық үстінде. Қиғаш ауылдық округі бойынша алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын таба береді.


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 16:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 16:48