Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2019 жылы Жылыой ауданында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін» құбылыс ретінде бағаланған.

Бұл құжатта ең алдымен қоғам мен мемлекет өмірінің түрлі саласында белең алып келе жатқан сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын түбегейлі жоюға бағытталған алдын алу сипатындағы кешенді шаралар қамтылған.

Аудан әкімінің өкімімен Жылыой ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылып, тұрақты қызмет атқаруда.

2019 жылдың басынан бері комиссияның 4 отырысы (2018 – 4) өткізілді

Аудан әкімінің атына 2019 жылы жеке тұлғадан - 939 (2018-796), заңды тұлғадан 352 (2018-306) арыз-шағым түсіп қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында 2019 жылы «Кең Жылой» газетінде 33 (2018-25) материалдар мен мақалалар жарияланды.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына кірістер және мүлік бойынша декларация мемлекеттік қызметкерлермен мерзімінде тапсырылуда.

Аудандағы барлық атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекетік қызметі, оның ішінде жер, сәулет, жұмыспен қамтуға қатысты, т.б. рұқсат беру, тіркеу, есепке алу, анықтама беру мәселелері Халыққа қызмет көрсету орталығы және электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүргізіліп отыр.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, әкімдіктің ресми интернет ресурсында Жем ауылдық округінің әкімі Б.Қариевтің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес үздіксіз жалғасуда!» және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің «Ауыл шаруашылығы саласындағы жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі жасалған жұмыстары туралы»атты мақалалары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігімен дайындалған «Қоғамдық бақылау картасы», стратегияның 2018 жылға атқарылған іс-шаралары туралы ақпараты, аудандық қоғамдық-саяси «Кең Жылой» газетінде «Адалдық алаңы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Сауатты адам жемқорлыққа жол бермейді» атты мақалалары жарияланды.

2019 жылғы ақпан айында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің ұйымдастыруымен С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде студенттермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілуіне байланысты «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі туралы түсіндірілді және студенттер мазалаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

2019 жылдың 13 мамырында аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратында жергілікті тұрғындар мен жоғары және арнайы оқу орындарын бітірген жастардың арасында аудан көлемінде мемлекеттік қызметке түсу жолдарын

түсіндіру, насихаттау мақсатында, аудандық қазынашылық басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, статистика басқармасы, аудандық аумақтық инспекциясы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, полиция бөлімі, аудандық соты кеңсесімен бірлесе отырып «Мемлекеттік қызметтегі бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.

Құлсары қаласы əкімі аппараты және халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастырумен 2019 жылдың 15 мамыр күні аудандық жергілікті атқарушы органдармен «Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру» тақырыбында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жəрмеңкесі өткізілді. Жəрмеңке барысында тұрғындарға жер, тұрғын үй, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, Е-gov веб порталы, ветеринария, балабақша, білім саласындағы электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәсілдері, əлеуметтік көмек жəне дипломмен ауылға бағдарламалары түсіндіріліп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.

Жылыой ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 мамырдағы №58-ө өкімімен «Жылыой – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылып, бүгінгі таңда өз жұмысын атқаруда.

Әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін баннерлерді орнату, ақпараттық жадынамаларды және плакаттарды орналастыру тұрақты түрде эскиздерді кезеңді жаңарта отырып тарату көзделген. Осының аясында 2019 жылы «Атырау адалдық алаңы» және «Жылыой – адалдық алаңы»жобалық кеңселерінің жұмысын аудан тұрғындарының арасында кеңінен насихаттау мақсатында дайындалған билбордтар мен баннерлер, «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы туралы баннер аудан орталығы Құлсары қаласында және кент, ауылдық округтерінің тұрғындар көп шоғырланатын, көлік ағымының басым орталықтарында ілінді.

2019 жылғы 17 қаңтардағы №3 «Кең Жылой» газетінде Жем ауылдық округі әкімі аппаратының «Балабақшаға кезекке қоюдың жаңа тәсілі», 2019 жылғы 31 қаңтардағы №5 санында аудандық білім бөлімінің «Білім беру мекемелеріне балаларды қабылдау және мектептен мектепке ауыстыру» тақырыбындағы мақалалары жарияланды.

2019 жылдың 4 маусым күні аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, аудандағы жалпы орта білім беретін мектептердегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерінің жұмыстарымен таныстырылып, олармен атқарылған шараларға байланысты ой бөлісіп, туындаған мәселелеріне назар аударылды. Кездесу соңында оқушылар мен ұстаздарға, клуб мүшелеріне «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Пара берсең, жазаланасың!» тақырыбындағы жадынамалар таратылды.

Аудан жастарын, соның ішінде мектеп оқушылары мен студенттерді парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында мектептер жанынан «Парасаттылық мектебі» құрылды, «Адалдық сағаттары» өткізілді. Өскелең ұрпақка адалдық пен парасаттылық қағидаттарын үйрету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ауданымыздың бірқатар мектептерінде және колледждерде «Саналы ұрпақ» клубтары құрылып, олардың мүшелерімен «Парасаттылық мектеп» жобалық кеңсесі аясында кездесулер өткізілді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметшінің халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімді арттыру мақсатында, қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын.

Бұл бағытта жобалық басқару және қоғамдық бақылау негізінде кешенді жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тапсырмасына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 22 қарашасында «Кең Жылой» мәдениет үйінің жанындағы кітапханасында ауданымыздағы мемлекеттік органдардың, адвокаттардың, мекеме басшыларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Тұрғындарға мемлекеттік органдардың басшылары, оның ішінде білім, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, жер, тұрғын үй т.б салалар бойынша білікті де тәжірибелі мамандар, кәсіби адвокат, құқық қорғау органдарының өкілдері, «Жылыой – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы құқықтық кеңестер берді.

2019 жылдың 15 қараша күні жалпы орта білім беретін №18 мектеп базасында аудандық «Парасатты отбасы» байқауы өтті. Байқауға қатысушы 15 жанұя «Отбасымның тарихы» тақырыбында өз ата-бабалары туралы әзірлеген зерттеу жұмыстарын ұсынды. Парасатты отбасы сайысының қорытындысы бойынша барлығы 15 мектеп қатысты (№2, №3, №4, №5, №6, №7, №9, №13, №15, №16, №17, №18, № 19, №22, №23). Аудандық байқау нәтижесі бойынша №9 жалпы орта білім беретін мектептің 2 сынып оқушысы Ерлан Амина Шерханқызы (Нұрғановтар отбасы) жеңімпаз атанып, облыстық байқаудан жүлделі екінші орынды иеленді.

Жылыой ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүргізіле беретін болады.


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 17:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 17:28

Қаралым саны: 91