Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.07.2017

Қызметтер

Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда 2016 жылы атқарылған жұмыстар

Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңын басшылыққа алып орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының 2016 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2015 жылдың «11» желтоқсан күнгі №818 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып бекітілді. Жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылды.

Осы жоспарға сай бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мәселелері бойынша жұмысшы тобын құру туралы» 2016 жылдың 05 қаңтарымен арнайы бұйрықпен білім мәселелерімен жұмысты үйлестіруші жұмысшы тобы құрылды. Аудандық осы жұмысшы тобы мүшелері қызметінің 2016 жылдың негізгі бағыттары мен міндеттері бекітіліп өздеріне таныстырылды. Бөлімнің жоспары бойынша жемқорлықтың алдын алу мақсатын көздеген төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып отыр. Бөлімнің мемлекеттік қызметші штаттық кестеге сай 5 мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді. Олардың тарапынан мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері талаптарын бұзған қызметкер жоқ. Мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты әрі жүйелі жүргізілді мелекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге жұмысқа қабылданған күні мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары жүргізілді. Бөлімге 2016 жылдың 8 айында 6 жеке тұлғадан арыздар түсіп, оның екеуі педагогтарға қатысты, 1 арыз бойынша тәртіптік шаралар қолданылды.

Білім бөлімінің дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық стенд жаңадан жасақталып орналастырылды.

Бөлімдегі және барлық білім беру мекемелеріндегі материалдық құндылықтарды өз деңгейінде сақтау мен бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізілуі үнемі бақыланып отыр. Салалардағы мекеме басшылары мен есепшілердің білім мекемелеріндегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру қолға алынып, 2016 жылдың 14 шілде күні білім бөлімінің бас есепші Р.Абишеваның ұйымдастыруымен «Бухгальтерлік есептердің жүргізілуі мен заңдылықтардың сақталуы» тақырыбында барлық мектептер есепшілері үшін арнайы түсінік беру жиналысы өтті. Бұл басқосудың мақсаты: бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстыру арқылы олардың білімін жетілдіру.

Саладағы мекеме басшылары мен оқу ісі бойынша орынбасарларын білім мекемелеріндегі мемлекеттік қызметтер заңнамаларына сәйкес жүргізу мен өзгерістерімен таныстырып, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында басқосулар ұйымдастыру қолға алынып, Құрманғазы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша 2016 жылдың ақпан айында «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттеріне түсінік беру, мемлекеттік қызметтер көрсетудегі жауапкершіліктері мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу мөмкіндігі туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру туралы семинар-оқуы барлық мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және осы мемлекеттік қызметке жауапты қызметкерлер үшін ХҚКО Құрманғазы аудандық бөлімімен бірлескен түрде аудан әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Бұл шараны Құрманғазы аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары ашып, бөлім маманы Р.Кумарова семинарды өткізудегі мақсатын айтып, «Жалпы білім беретін

мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттеріне толық түсінік беріп, ата-аналардан құжат жинақтағанда осы ережеде көрсетілген құжаттарды жинақтауды және өтініштерді толтыру үлгісі туралы, ал Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары А.Салимова, А.Даулет электрондық нұсқада Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мәселесіндегі балабақшаға кезекке тұру және кезегін қарау жөнінде слайдтық презинтациялық шолу жасап, айтып өтті.

Семинарға қатысушылардың сауалдарына Аудан әкімдігінің бас маманы М.Гумаров, білім бөлімінің әдіскері Н.Ханатова мен ХҚКО Құрманғазы аудандық бөлімінің инспекторы А.Салимовалар нақты жауаптар берді. Аудандық семинар жұмысын қортындылай келе, барлық қызметкерлер осы семинар-оқытуда айтылған өзгерістерді құжат қабылдау барысында қаперге алу, пайдалану, жұмыс барысында басшылыққа алу және балабақша меңгерушілері электрондық нұсқада балабақшаға кезекке тұру және кезегін қарау жөнінде айтылған мәліметтерді ата-аналарға да айтып, түсінік жұмысын жүргізу тапсырылған шешім қабылдады. Осы шешімді орындау мақсатында 2016 жылдың наурыз сәуір айларында мектептерде сынып жетекшілерге, ауылдық жердегі балабақшаларда ата-аналар мен тәрбиешілерге түсінік беру жиналыстары өтті.

Ал, мектептерде мемлекеттік қызметтер көрсету түрлері бойынша ата-ана, мұғалімдер мен ауыл жұртшылығы қатысқан стандарттарын таныстырған арнайы жиналыстар өткізілді. Бөлімнен жүргізілетін мемлекеттік қызметтер уақытылы орындалуда.

Балабақшалардағы топтардағы бала санының нормативтік тәртібін сақталуы мен балабақшаға бала қабылдауды алдын ала жүйелі ұйымдастыру үрдісі жолға қойылды. Бөлімде балабақшаға қабылдау тек қана білім бөлімінің жолдамасымен және кезек сақталып жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарын болдырмау мақсатында бөлім тарапынан барлық мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа барша ұжым мүшелерін жұмылдырар және атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпараттық түсіндірме стенділер мен сенім жәшігін жасақтау тапсырылып, тамыз-қыркүйек айларында орындалды. Осы ақпараттық-түсіндірме стендте: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңынан шолу ақпараты; Осы Заңды жүзеге асыруға арналған бағдарламалар мен заңнамалар және т.б. тізімі мен қысқаша білім саласына қатысты бөліктерінен үзінді және т.б. білім ұйымдарындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмысын бейнелейтін осы тақырып аясында жүріп жатырған шаралардан көрсетілген фото суреттер; сенім телефоны номері мен сыбайластыққа жол бермеуге шақырған сақтандыру ұранды сөздер қамтылып, көрініс тапты. Сонымен бірге, мектептерде «Парасатты Азамат», «Адал ұрпақ» айдарымен бұрыштар дайындалуда.

Білім беру ұйымдарының басшыларынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жоспарына сай атқарылған шаралар туралы ақпарат

мерзімді алынып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай мектептерде де ұжым арасында жоспарлы шаралар өткізілуде. Аудан бойынша білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Атырау облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы орта білім беретін мектептерде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында сынып сағаттары, тәрбиелілік шаралар өткізу Тұжырымдамасы бойынша 1-4 сыныптар аралығында «Құқықтық тәртіп деген не?» тақырыбында, 5-9 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлық қылықтары мен зардаптары» тақырыбында және 10-11 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлықтың түйіне неде?» деген сынып сағаттар кешені өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен оқушылар және педагогтар арасында кездесулер ұйымдастыру барлық білім беру мекемелерінде өткізілді.

Үстіміздегі жылдың 13-16 қыркүйегі аралығында аудан мектептерінде жастар арасында «Мен сыбайлас жемқорлықсыз мемлекеттің жасы болғым келеді!» тақырыбында флешмоб өткізілді. Флешмоб соңында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істтері министрлігінің сенім телефоны құрастырылды және қатысушыларға жаднама бетше таратылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-ортақ міндетіміз» атты дөңгелек үстел 17-20 қазан аралығында барлық мектептерде жоғарғы сынып оқушылары арасында өткізілді.

Атырау облысы білім беру департаментінің 2014 жылғы 12 мамыр күнгі №158 бұйрығын басшылыққа алып, барлық білім беру ұйымдарында ақша жинауды болдырмау, мектеп бітіру мен мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр.

Бөлімдегі және барлық білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының талдамалық монитарингісі бөлімде жасалып отыр. Осы мониторинг бойынша:

сыбайлас жемқорлық қылмыстары фактілерінің саны

сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары фактілерінің саны

2014 жылы

2015 жылы

2016 жылы

2014 жылы

2015 жылы

2016 жылы

3 директор

3 қылмыстық іс

(2 директор, 1 есепші)

1 директор

-

7 директор, 2 оқу ісі бойынша орынбасар,
Барлығы 9 заң бұзушылық

-

Мониторингтік талдау қортындысы бойынша 2014 жылы: Бюджеттік қаражаттарды заңсыз пайдалануға итермелейтін жағдайлар мен себептерді жоюға қол жеткізу мақсатында ауданның 3 мектеп директоры Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54 бабының 1 тармағы 18 тармақшасымен

лауазымдық жұмыстан босатылып, мемлекеттік органдарда басшылық-лауазымдық қызметін атқару құқығынан айырылғандығы еңбек кітапшасына көрсетіліп берілді. 2015 жылы: 10 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2016 жылы: 1 мектеп директоры тарапынан 2014-2015 оқу жылдары аралығында білім, еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнама талаптарының бұзылуына жол беріп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық қылмыс жасағаны анықталды.

Білім беру мекемелерінде білім беру мен тәрбие процесін қадағалауда Бастауыш партия ұйымы, ата-аналар комитеті, ардагерлер кеңесі арқылы қоғамдық бақылаулар күшейтілуде. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының 2016 жылдың 21 қыркүйек күнгі №3 отырысы өтіп, онда білім бөлімінің басшысы есеп берді.

Бөлім басшысы М.Гилаев


Мақаланың шыққан күні:: 24.11.2016 11:05
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.11.2016 11:05