Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.08.2017

Қызметтер

Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы 2017 жылға арналған аудандық жоспарға сәйкес І тоқсанда атқарылған нақты шаралар хабарламасы

(5.04.2017ж)

Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті мен облыстық білім беру Басқармасының біріккен түрдегі «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы 2017 жылға арналған облыстық Кешенді жоспарды басшылыққа алып орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2017 жылға арналған жоспары» жасақталып, бөлімінің 2016 жылдың «20» желтоқсан күнгі №755 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып бекітілді.

Осы жоспарға сай бөлімде құрылған жұмысты үйлестіруші жұмысшы тобы мүшелеріне 2017 жылы атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттары мен міндеттері таныстырылды. Сонымен бірге, Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы №08-01-01/1023 санды хаты негізінде бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі және бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Осы ішкі талдауды аяқтағаннан кейін, ішкі талдау туралы, олардың нәтижелері және олқылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар бойынша «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы және барлық білім беру ұйымдарында жылдық жоспар бойынша жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың мақсатын көздеген төмендегідей жұмыстар 2017 жылдың І тоқсанында атқарылды:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Кешенді жоспар жобасының І-ші: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жобаларды жүзеге асыру» бөлімінің «Оқулық жобасы» бойынша:

Барлық білім беру ұйымдарына сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылуда.

Мекеменің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары жаңадан өзгерген заңнамаларға сай сәйкестендіріліп жолдану алдында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында міндеттері мен жауапкершілктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру туралы түсінік беру жұмыстары өтті.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің түгелдей 2016 жылдың табыс және мүліктік салықтары жөніндегі декларациялары тапсырылды.

Бөлімге 2017 жылдың І-ші тоқсанында 2 арыз-шағым түсіп, уақытылы жауап берілді. 1-і аурулы себепті еңбекке жарамсыздық бетшесінде болған басшының әлеуметтік көмек сұраған арызы, 2-шісі қызына тұрақты жұмыс орнын сұраған арыз.

2017 жылдың 06 ақпан күні Құрманғазы аудандық білім бөлімінде құпиялылықты және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтамасыз ету туралы түсінік беру аппарат мәжілісі өтіп, бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Баяров күн тәртібіндегі мәселе бойынша түсінік беріп, мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүргізу мен нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз ету керек екендігінен хабарлама жасап, барлық бөлім қызметкерлеріне осы хаттамамен ескертілген болып саналатындарынан хабардар етіп, осы аппарат мәжілісінің хаттамасымен тиісті қызметкерлерге қол қойдырып таныстыру жүргізілді. Бөлімнің дәлізіне мемлкеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары бар металлды шкафтар орнатылуын 2017 жылдың 01 наурызына дейін қамтамасыз етудің мәселесін шешу тапсырмасы беріліп, орындалды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Кешенді жоспар жобасының «Тәрбие жобасы» бойынша:

Аудан бойынша білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Атырау облыстық білім беру басқармасының мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы орта білім беретін мектептерде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында сынып сағаттары, тәрбиелілік шаралар өткізу Тұжырымдамасы бойынша 1-4 сыныптар аралығында «Құқықтық тәртіп деген не?» тақырыбында, 5-9 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлық қылықтары мен зардаптары» тақырыбында және 10-11 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлықтың түйіні неде?» деген сынып сағаттар кешені өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, оқушылар және педагогтар арасында кездесулер ұйымдастыру барлық білім беру мекемелерінде өткізілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Кешенді жоспар жобасының «Мұражай жобасы» бойынша:

Ауданның барлық білім мекемелерінде және білім бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы стендтер орналастыру жұмыстары түгелімен орындалды. «Парасатты Азамат» бұрыштары барлық білім беру мекемелерінде дайындалып, жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Кешенді жоспар жобасының «Театр өнері жобасы» бойынша:

Ақпан айында «Сыбайлас жемқорлықсыз-жарқын болашақ» театырландырылған көріністер байқауын ұйымдастырылып, жеңімпаз Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары облыстық кезеңге ұсынылып, облыстан ІІ орын иемденді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Кешенді жоспар жобасының «Таспа жобасы» бойынша:

«Транспарентті есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы аудан көлемінде наурыз айында өткізіліп, облыстық кезеңге Гагарин орта мектебі қатысып, облыстан жүлделі І орын иемденді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Кешенді жоспар жобасының «Байқау жобасы» бойынша:

Аудандық «Менің бүгінгі сабағым-жемқорлықсыз қоғам» атты байқау наурыз айында өткізіліп, жеңімпазы Абай орта мектебінің сыып жетекшісі Аккалиева Нүргүл облыстық кезеңге жолданып, облыстық кезеңнен жүлделі ІІ-ші орынды иемденіп қайтты.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Кешенді жоспар жобасының «Әдебиет жобасы» бойынша:

Барлық білім беру ұйымдарының кітапханаларында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндетіміз» тақырыбымен тұрақты кітап көрмесі жаңартылып жасақтау тапсырмасы беріліп, орындау барысында жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Кешенді жоспар жобасының ІІ-ші: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы кешенді күнтізбелік шараларды жүзеге асыру» бөлімінің 1-ші: «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» тақырыптық бағыты бойынша:

2017 жылдың 24 ақпаны күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы 2017 жылға арналған облыстық Кешенді жоспарға сай, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті мен облыстық білім беру Басқармасынан өкілдер қатысуы жоспарланған білім беру мекемелері басшыларымен Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында «Мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының дискрециялық өкілеттіктерін азайту тәжірибесі» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 24 мектептен 15 балабақшадан мекеме басшылары қатысты. Дөңгелек үстелді бөлімнің бас маманы Т.Медеугалиева ашып, шараның мақсаты мен жүру барысын таныстырып, шараның жоспарға сай жүргізілуін үйлестіріп отырды. Дөңгелек үстелдің теориялық бөліміне: «Бірлесіп күрессек қана...» тақырыбымен айдар тағылып, онда Қиғаш жалпы орта мектебінің директоры С.Капуова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңынан ақпараттық презентация түрінде және бөлім әдіскері Ж.Хасанова мен Санаторлық «Балауса» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі А.Рамазанова «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру жолдары мен мәселелері» тақырыбында презентациялық таныстырылым түріндегі құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізіп, мектептердегі және балабақшаларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларын үйлестірудің нұсқаулықтары мен жолдарынан түсінік берді. Практикалық бөлім «Ымырасыз күрес – ардың ісі» тақырыбымен айдар тағылып, дөңгелек үстелдің бұл кезеңінде Ақкөл жалпы орта мектебінің директоры Т.Тулемисов «Мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының дискрециялық өкілеттіктерін азайту тәжірибесінен» шеберлік сыныбын өткізсе, М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің директоры К.Тулегенов пен «Нұрбөбек» бала бақшасының меңгерушісі Л.Кисметова «Азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін арттырудың белсенді бағыттары» тақырыбымен тренинг өткізіп, шығармашылықтарымен бөлісті. Ал, Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ш.Исатаева өзі басқаратын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қызметінен» презентациялық жобасын қорғады. Қортынды бөлім: «Сыбайлас жемқорлықтың түйіні неде?» тақырыбымен айдар тағылып, онда Ш.Уалиханов атындағы негізгі орта мектебінің директоры З.Канатова «Мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының дискрециялық өкілеттіктерін азайту тәжірибесінен» тақырыбымен дөңгелек үстелге

қатысушылар жұмысын SWOT-талдау әдісімен рефлексия жүргізді. Аудандық дөңгелек үстел соңында бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Баяров бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2016-2017 жылдарға арналған жоспар негізінде өткізілген шаралар мен байқаулар нәтижесі бойынша және осы дөңгелек үстелге белсене қатысып, тәжірибе бөліскен бір топ мектеп басшыларына марапаттауларды табыстап, шараны қортындылады.

Сонымен бірге, білім беру мекемелері басшылары үшін 2017 жылдың 03 наурыз күні Абай атындағы жалпы орта мектебінің акт залында «Педагогикалық кадрлардың категориясын көтеру: сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің шешілу жолдары мен мәселелері» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстелде Теориялық бөлім: «Мақсат – жемқорлықты жеңу» тақырыбымен айдар беріліп, Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры Н.Хасанова «Педагогикалық кадрлардың категориясын көтеру: сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің шешілу жолдары мен мәселелері» тақырыбымен мониторингтік талдауын ұсынса, «Айжан» балабақшасының меңгерушісі К.Исағалиева, «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі М.Кереева, «Боташым» балабақшасының меңгерушісі Т.Утегуловалар жадынамалар, таратпа бетшелер мен брошуралар таратылымын ұйымдастырды. Ал, практикалық бөлімге: «Әр ісіңе адал бол!» тақырыбымен айдар беріліп Еңбекші жалпы орта мектебінің директоры М.Шаяхметов «Мектеп орынбасарларын аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын сақтау іс-тәжірибесінен» шеберлік сыныбын өткізсе, Педагогикалық кадрлардың мәртебесін арттырудың белсенді бағыттары «Мерей» балабақшасының меңгерушісі А.Ашимова «Педагогикалық кадрлардың мәртебесін арттырудың белсенді бағыттары» тақырыбымен презентациялық таныстырылым жасады.

Қортынды бөлімге: «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды бірге құрайық» тақырыбымен ұйымдастырылып, Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінің директоры Р.Хасантаев «Педагогикалық кадрлардың категориясын көтеру: сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің шешілу жолдары мен мәселелері» тақырыбындағы рефлексия түріндегі талдамалық қортынды жасады.

Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жопарлы шаралар жалғасын табады.

Бөлім басшысы міндетін атқарушы Е.Джумабаева


Мақаланың шыққан күні:: 12.04.2017 10:37
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.04.2017 10:37