Array Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде атқарған жұмысы туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде атқарған жұмысы туралы

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жасақталған жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 28 сәуір 2015 жылғы №279 бұйрығын басшылыққа алып, бөлімде 27 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып атқарып келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерін түсіндіретін жұмыспен қамту аясындағы заңнамаларымен таныстыру, насихаттау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары аудандық «Серпер» газетіне «Мүгедектерден мемлекеттік сатып алу» 14.06.2016 жыл №15, «Кресло-арба» алу үшін 02.06.2016 жылы №22, «Халыққа жол» марафоны аясында 28.07.2016 жылы №30 сандарына мақалалар жарияланды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңын басшылыққа алып, бөлімнің мемлекеттік сатып алулары мемлекеттік сатып алу порталында электронды түрде жүргізіліп отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бөлімде «Сенім телефоны» орнатылған. Ол жөнінде ақпарат бөлім ғимаратына кіре берісте көрнекі жерде орнатылған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған «Сенім жәшігі» бар.

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлерді алып, сараптау үшін комиссия құрылған. Бұл комиссия сенім жәшігін аптаға бір рет қаралып, хаттамалары жасалып отырады.

Бөлім басшысы А. Муса


Мақаланың шыққан күні:: 05.12.2016 11:37
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.12.2016 11:37