Array Еңбекші ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Еңбекші ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Еңбекші ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Жолдағы қоғамдық қабылдау», «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты қоғамдық таңдаулар, акциялар өткізу үшін ауылдық округ әкімі жоспар жасақтап жұмыстар жасалуда.

Мемлекеттік орган қызметкерлерінің, білім беру жүйесінің педогогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында , Еңбекші орта мектебінде, «Ақтолқын» балабақшасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың ұғымын, сыбайлас жемқорлық көріністері фактілерімен тап келген кезде азаматтардың іс-әрекеттер тәртібін, сонымен қатар мұндай фактілерге дем бергені үшін жауапкершілігін түсіндіретін жаднама жасақталып, таратылды.

Ауылдық округ әкім аппараты дәлізінде сыбайлас жемқорлық көріністері, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалысы жөнінде болған келеңсіз жағдайларды хабарлау үшін сенім телефоны (3-15-99) орнатылған. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін салатын жәшік орнатылып, оны округ әкімінің өкімімен бекітілген комиисия мүшелері күнбе-күн қарап , қортындысы жөнінде акт жасап отырады.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында ауылдық округ бойынша комиссия құрылып жұмыс жасауда.

Салық комитетіне жыл сайын табыстайтын мүлкі мен, табысы жөнінде декларацияны, округтегі мемлекеттік қызметкерлер уақытынан кеш қалмай табыстаған.

Орталықтағы Қ.Қаусов көшесінің бойында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында билборд ілінген.

Еңбекші ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын–алуға 2016 жылға арналған іс–шаралардың медиа – жоспары жасақталып, іс-шараға сәйкес жұмыстар жасалынуда.

Еңбекші ауылдық округ әкімі : Х. Габбасов


Мақаланың шыққан күні:: 05.12.2016 11:28
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.12.2016 11:28