Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.08.2017

Қызметтер

Сүйіндік ауылдық округі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жөнінде» атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Сүйіндік ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында іс-шара жоспары жасақталды.

Жоспар аппарат мәжілісінде талқыланып,мемлекеттік қызметкерлерге жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау міндеттері қойылды.

Сүйіндік ауылдық әкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлермен мекеме басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізіліп,өз қызметкерлері арасында заң және кадр қызметтерін сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес бойынша жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау, «әуре-сарсаңға салуды» болдырмау мәселелері жөнінде айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырып, түсінік жұмыстарын жүргізу бағытында округте көптеген жұмыстар жүргізілуде. Округ әкімшілігі тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, нарық заманында өз құқықтарын біліп, тиімді пайдаланулары жөнінде құқықтық оқулар жүргізіліп келеді.«ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдары негізінде әкімшілік ғимаратында аппарат қызметкерлері мен мекеме басшыларының қатысуымен заңдылықтары түсіндіріліп, талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру ,оларды жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды болдырмау жайы бағытында жұмыстар тек округ орталығында емес округтің елді мекендерінде де үнемі жүргізіліп отырады. Сондай-ақ бұл жұмыстар жыл бойы мектеп ұжымымен тығыз байланыста жүргізіліп келеді. Мектеп ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің оқушылармен ұстаздармен кездесулер өткізіліп, онда құқық тәртібі, заңдылықтарының сақталуы жөнінде сұрақтарға жауап беріп түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Жоспарланған жұмыстар жалғасын тауып,алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса беретін болады.

Округ әкімі С. Сисатов


Мақаланың шыққан күні:: 22.11.2016 10:56
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.11.2016 10:56