Array Сафон ауылдық округі бойынша сыбайластық жемқорлыққа қарсы саясаты жүзеге асыру мақсатында 2016 жылға арналған аудандық жұмыс жоспарына сәйкесімді атқарылған жұмыстардан хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

Сафон ауылдық округі бойынша сыбайластық жемқорлыққа қарсы саясаты жүзеге асыру мақсатында 2016 жылға арналған аудандық жұмыс жоспарына сәйкесімді атқарылған жұмыстардан хабарлама

Сафон ауылдық округінің әкім аппараты 2016 жылға арналған

аудан әкімдігі жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның және «Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатындағы қоғаммен іс қимыл шеңберінде біріккен іс шаралар жоспарын» басшылыққа алып, осы іс шара аясында жасақталған жоспар әкім аппараты мәжілісінде талқыланып мемлекеттік қызметшілер алдына қойылып отырылған міндеттер түсіндіріліп, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау міндеттері қойылды.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі Сафон ауылдық округінің ғимарат дәлізінде көрнекті түрде ілініп,оны сақтау және аппарат қызметкерлерінің тарапынан кодекс талаптарын бұзған жағдайда оны есепке алатын арнайы журнал ашылып, қолжетімді жерге орналастырылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөнінде 19 ақпан 2016 жылы әкім аппараты жиналысының күн тәртібінде талқыланды.

Ауданның веб-сайтына ауылдық округтің орналасқан сайты,басшылармен қызметшілердің мәліметтері сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері және сенім телефондары орналастырылды.Жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуде тұрғындарға 2016 жылдың 2-ші тоқсанында 185 жадынама тартылды,оның 114-уі байланыс бөлімшесі арқылы.

Ауылдық округке қарасты Ф.Энгельс атыныдағы орта мектебімен «Боташым» бөбек жай балабақшасының кіреберістеріне «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» атты стендлері ілінді.Мектепте балабақшада арнайы көңіл көтеретін мерекелік шараларды өткізуге және осындай мақсаттағы шараларға оқушылардан ақша жинау фактілеріне тиым салынды.

Сафон ауылында жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 2 баннер ілінді,олар: «Сенің «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» дегенің маңызды» және «Жемқорлық- індет, күресу міндет».

Жеке және заңды тұлғалардан есепті мерзім ішінде 16-өтініш түсіп оның 5-уі жеке тұрғын үй салуға,10-ы қосымша жер учаскесін ұлғайту туралы, 1-уі өтініш түсіп, уақытында қаралып,нақты жауаптары берілді.

«Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтер құйылып,өзгерістер уақытылы енгізілуде.Округ әкім аппаратындағы барлық мемлекеттік қызметшілер заңға сәйкесімді уақтылы

2015 жылдың қортындысымен салық есептілігін (декларацияларын) табыстады. 2016 жылдың наурыз 3-де ауылдық мәдениет үйінде «Әділеттілік пен адалдықтың құндылықтары» атты өлең конкурсы ұйымдастырылды.

Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында оқу ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бағытында жоспарланған жұмыстар өз жалғасын тауып,алдағы уақытта сол салада тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда мүлтіксіз қызметтер атқарамыз.

Сафон ауылдық округінің әкімі: Е. И. Сатылғанов


Мақаланың шыққан күні:: 05.12.2016 11:33
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.12.2016 11:33