Array Дыңғызыл ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстардан хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Дыңғызыл ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстардан хабарлама

Округ құрамына кіретін екі елді мекенде–Жыланды және Ғ.Әліпов ауылдарында бүгінгі күнге 2591 тұрғын, 519 отбасы тұрады. Оның ішінде халықтың экономикалық белсенді бөлігі 1655 адам, одан жұмыс жасайтындары – 1450 адам, жалпы жұмыссыз – 78, одан ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 31, зейнеткерлер – 241, жалпы мүгедектер - 94 адам.

Округ аумағында «Құрманғазы» атындағы өндірістік кооперативі, 1 жалпы орта метеп және 1 негізгі орта мектеп (Д.Нүрпейсова, Ж. Нәжімеденов), «Айжан» балалар бақшасы, дәрігерлік емхана, ауылдық мәдениет үйі, дәрігерлік пункт, байланыс бөлімшесі, «Даулеткерей» балалар саз мектебінің бөлімшесі, «Ардагерлер кеңесі», «Әйелдер кеңесі», «Жастар ұйымы», «Мүгедектер ұйымы» жұмыс жасайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 1 өндірістік кооператив, 38 шаруа қожалығы айналысады. Мал шаруашылығымен шұғылданатын ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке тұрғындар қолында 3254 бас мүйізді ірі қара, 11191 бас қой-ешкі, 1166 бас жылқы, 853 бас түйе бар. Сонымен қатар «Құрманғазы» өндірістік кооперативінде 11267 бас қой, 301 бас түйе, 76 бас жылқы малдары бар. Комьютерлік дерекқорға 3254 бас мүйізді ірі қара, 22805 бас қой-ешкі, 1154 бас түйе, 1242 бас жылқы енгізілді.

Округ бойынша елді мекендер ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жыланды ауылында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су тарту жұмыстары жалғасуда. 2016 жылы 197 үйге су құбыры тартылды. Округте жеке кәсіпкерлердің «Төрехан-1», «Төрехан-2», «Үш қоңыр» дүкендері мен «Анес» мал дәрігерлік аптекасы қызмет көрсетеді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша округке қарасты Ғ.Әліпов ауылына балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Екі елді мекенде де телефон желісі жұмыс жасайды. Жыланды ауылында – 229, Ғизат Әліпов ауылында-45, барлығы – 362 тұрғын үй телефон желісі қосылған. Тұрғындардың сұранысына қарай телефон желілеріне қосу жалғасуда. Округ бойынша 176 үй интернет жүйесіне қосылған. Отау ТВ (173 үйде), ID (айди) ТВ (40). Оған бір маман қызмет көрсетеді. Ғ. Әліпов ауылын мобильдік желіге қосылып, тұрғындар сұранысы қанағаттандырылды.

2016 жылдың мамыр айында «Зайырлы қоғамдағы діни сауаттылықтың маңызы» атты кездесу жиыны өткізілді.Жиынға «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының директоры, теолог; Қуанова Нәсіп – психолог және Құрманғазы аудандық прокуратурадан – М.Жалмурзин; ҰҚК-і Құрманғазы ауданы бойынша өкілі – А.Удербаев қатысты. Шараға ауыл тұрғындары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйым басшылары, жоғары сынып оқушылары-барлығы 250 адам қатысты. Шараның мақсаты – Тұрғындарға дін саласына қатысты мемлекеттік саясатты жеткізу, зайырлылық ұғымын түсіндіру, сонымен қатар олардың діни сауаттылығын көтеріп бойында радикалдандыру үрдісіне қарсы рухани иммунитет қалыптастыру болып табылды. Шара өзінің маңыздылығымен тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды.

Қазан айындағы «Қариялар» және «Мүгедектер» күні мерекелері қарсаңында округ көлемінде 80 адамға арналған мерекелік ас берілді. Бұл шарада 75,80,85,90 жастағы қариялар сыйлықтармен марапатталды. Жалпы шығын 150 мың теңге көлемін құрады.

18.10.16 күні Дыңғызыл ауылдық округінде ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ҚР-сы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына арналған «Қуатты өңір - Қуатты Қазақстан» атты мега – жобасы ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын таба береді.


Мақаланың шыққан күні:: 29.03.2017 17:44
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.03.2017 17:44