Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Азғыр ауылдық округі бойынша, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиясының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалысы туралы ақпарат

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиясының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып, округ көлемінде атқарылатын іс-шаралар жоспары жасақталып, жүзеге асырылуда. Азғыр ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес комиссиясы,заңдарға енгізілген өзгерістер бойынша, тоқсан сайын мәжілістер өткізіп, онда жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңдылықтардың, іс-шаралар жоспарының орындалуы жөнінде мәселелер талқылап отыруды басты назарда ұстауда. Бұл әлеуметтік кеселмен күрес,жемқорлыққа жол беретін жағдайлар мен себептерді жою жөнінде мекемелерде, мектептерде, үкіметтік емес ұйымдарда, тұрғындар жиындарында арнайы мәселе болып талқыланып, үгіт –насихат жұмыстары жүргізілуде.

Округ әкімшілігі мекеме, ұжымдар, жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнама ережелерін түсіндіру, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен байланыста болу, заңды мойындаушылық, заңды бұзу әрекеттеріне жол бермеу бағытында насихаттау жұмыстарын ұйымдастырып келеді.

Азғыр ауылдық округі әкімі Т.Алипбаев


Мақаланың шыққан күні:: 22.11.2016 10:58
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.11.2016 10:58