Array Қиғаш ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстары туралы хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Қиғаш ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстары туралы хабарлама

Қиғаш ауылдық округі бойынша 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шара жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бұл заң округ әкімі аппараты қызметкерлерімен талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді.

Әкім аппараты ғимаратының көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі», Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, «Сенім жәшігі» орнатылған.

Қиғаш ауылдық округінде үш мемлекеттік қызметкер лауазымды міндеттеріне сай жұмыс жасайды. Бұл қызметкерлер кәсіпкерлікпен, заңға қайшы келетін табыс көздерімен жұмыс жасамайды. Жыл сайын салық басқармасына табыс және мүлік салығы туралы декларациясын тапсырып отырады.

Жыл ішінде округ бойынша заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің және шаруашылық құрылымдарының қызметтерінде заң шеңберінен тыс араласу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ.

2016 жылдың 10 айында округ тұрғындарынан түскен арыз саны - , арыздар уақытында тіркеліп, дер кезінде қаралып, шешім қабылданып, алынған шешімдер туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады.

Округтің бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда.

Қиғаш ауылдық округнің әкімі Ж.Жанханов


Мақаланың шыққан күні:: 22.11.2016 11:03
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.11.2016 11:03