Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.06.2017

Қызметтер

Ма0аш ауылдық округ аясында атқарылып жатырған жұмыстар туралы мәлімет

Информация о проделанной работе в Кигашском сельском округе

2016 жылы Афанасьев бекетіндегі №80 бастауыш мектеп күрделі жөндеуден өтті.

2016 жылы Алға-Иманов жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.

2017 жылдың 27 қаңтар күні Мақаш ауылдық округі әкімі Б.Мұфтаховтың «Мақаш ауылдық округінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру жиыны өтті. Оған аудан әкімі Б.Шаяхметов және аудандық дербес бөлім басшылары қатысты.

2017 жылдың 7 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында облыстық жер қатынастары бөлімінің басшысы Р.Баженов, облыстық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Х.Базарбаев, облыстық мәслихат депутаты С.Қуанышев, аудан әкімінің орынбасары С.Сисатов бастаған ақпараттық насихаттық топ округ тұрғындарымен кездесті.

Президенттің өкілеттілікті қайта бөлу реформасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында желілік кестеге сәйкес округтің барлық мекемелері қызметкерлерімен, қоғамдық ұйымдармен және жастармен, қарттармен кездесулер ұйымдастырылуда.

15 ақпан күні Морской ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Біз арманды шындыққа айналдырамыз атты» дөңгелек үстел өтіп, оған аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 17:36
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 11:44