Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталықтың 2018 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» КММ-сі 2017 жылдың «14» желтоқсандағы облыс әкімдігінің №433 қаулысымен құрылды.

«Азаматтық орталық» – Атырау облысындағы азаматтық қоғамды және үкіметтік емес ұйымдарды қолдау функцияларын жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым.

Мекеме қызметінің мәні азаматтық қоғам институттары ретінде үкіметтік емес ұйымдарды дамыту болып табылады.

Мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

*Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, гранттар бойынша, сондай-ақ сыйлықақылар беру және конкурстық рәсімдерге қатысу үшін құжаттар дайындауда әдістемелік көмек көрсету;

*Әлеуметтік маңызы бар салада іс-шаралар өткізу кезінде ұйымдастырушылыққа ықпал ету;

*Ұйымдардың кадрлық әлеуетін арттыру үшін тренингтер мен семинарлар өткізу, қызмет тиімділігін дамытуға бағытталған білім беру қызметтерін көрсету;

*Бизнес–ҮЕҰ–мемлекет бағытында сектораралық әлеуметтік серіктестікті дамыту;

*Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды ақпараттық қолдау;

*Әлеуметтік салада өзекті мәселелерді талқылау үшін сұхбат алаңдарын құру;

*Өңірдің азаматтық секторындағы ахуалды зерделеу бойынша талдамалық жұмысқа белсенді қатысу;

*Әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған ұсынымдар, жобалар, шаралар жүйесін әзірлеу;

*Жаңа ҮЕҰ құру үшін жағдай жасау;

Мекемеде барлығы 15 маман арнайы бөлімдер бойынша қызмет атқарады:

Атап айтқанда, «Әкімшілік-құқықтық» бөлім, «Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру», «Талдау және мониторинг», «Медиа» бөлімі, «Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс» бөлімі, «Кеңес беру» және «Ұйымдастыру» бөлімдері жұмыс жасайды.

Азаматтық қоғам орнатудың негізгі көзі саналатын үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау тетігі осы уақытқа дейін қол жеткізген табыстарды жалғастыруға бағдарланғандықтан, Азаматтық орталық қызметі мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетіндігін уақыттың өзі дәлелдей түсуде.

Атырау облысы бойынша 578 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 441-і Атырау қаласы бойынша, 137-і аудандарда.

Облыс бойынша белсенді әрекет етуші ҮЕҰ саны – 120 болса, оның 71-і Атырау қаласының белсенді әрекет етуші.

Жыл басынан бері облыс аумағына қарасты қала және 7 аудандардағы ҮЕҰ өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, өңір аумағында азаматтық бастамаларды дамытуға ықпал ету бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Азаматтық Орталық көмегімен республикалық ҮЕҰ дерекқоры порталына өз қызметтері жөнінде мәлімет тапсырғандар саны 2017 жылмен салыстырғанда 38,7 пайызға өсті.

Наурыз айында Азаматтық Орталықтың қызметкерлері АҚШ елшілігімен, Жапония елшілігімен, Бірінші Президент қорымен, «Фридрих Эберт» атындағы қормен іскерлік қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып қайтты. Алдағы уақытта өңірге гранттарды көптеп тарту көзделуде. Мамыр айында орталық директоры мен «Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс бөлімінің» басшысы «Мемлекеттік сатып алу» тақырыбында курс оқып келді.

4 ҮЕҰ «ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры», «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» ұйымдастырған конкурстардың гранттарына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржылай қолдауға ие болып, Орталық арқылы жыл басынан бері 10-ға жуық тұрақты жобалар жүзеге асырылды. Азаматтық Орталықтың бастамасымен ҮЕҰ өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құзіретін, мәртебесін анықтауға, барлық заңнамалық талаптарға сай жарғылық құжаттамаларын реттеулеріне бағыт беретін «Өз құқығыңды біл!», мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алу, жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы семинар-тренингтар өткізу, қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ҮЕҰ мектебі», облыс тұрғындарына арналған құқықтық кеңес беретін «ЗАҢ clinic» жобалары іске асты. «ЗАҢ clinic» жобасы асында облыс тұрғындарының жол қозғалысы, қылмыстық құқық, сақтандыру мәселелері, банктер және коллекторлармен келіспеушіліктер, еңбек даулары, отбасылық және бизнеске қатысты сауалдарына облыстағы тәжірибелі заңгер А.Нұрғазиева жауап беріп, 20 тұрғынға тегін консультациялық көмек көрсетті.

«ҮЕҰ мектебі» жобасы аясында қоғам өміріне жаңадан араласып, жұмысын жаңадан бастап жатқан ҮЕҰ өкілдеріне арналған 10 тақырыптық семинар-тренинг ұйымдастырылды. Спикерлер – үшінші сектор саласында бірнеше жылдық тәжірбиесі бар ҮЕҰ жетекшілері, әлеуметтік кәсіпкерлер, халықаралық деңгейдегі тренерлер, сонымен қатар осы жоба аясында бухгалтерлік есеп пен салық салу ерекшеліктері мен тексерістен кедергісіз өту жолдары тақырыбында Салық комитетінің мамандары, МӘТ бойынша құжатты дұрыс рәсімдеу және тапсыру тақырыптарында Азаматтық орталық мамандары факультативтік сабақтар жүргізді. Атап айтқанда, «ҮЕҰ және қауым», «Жобаны қалай жазу керек?» тақырыптарында КЕҰ менеджменті

мамандығының магистрі, Орталық Азия, БҰҰДБ аймақтық экологиялық орталығының тренері, «Жайық-Каспий Орхус» орталығының жетекшісі Ш.Ізтілеуова, «Жобаны басқару», «Жобаны бағалау және мониторинг» тақырыптарында Орталық Азия Евразия қорының әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасының директоры А.Тағатова, «Жобаға қаржы тарту көздері» тақырыбында «Атырау. Маленькая страна» ҚБ-нің жетекшісі, әлеуметтік кәсіпкер Е.Күмісқалиев, «Жеке брендинг» тақырыбында «Инмар» академиясының жетекшісі, әлеуметтік кәсіпкер Д.Темірханова, «Проектный менеджмент» тақырыбында ҚР Халықаралық жастар қоры өкілдігінің директоры, аға тренер, «Паспорт к успеху» халықаралық бағдарламасының коучі, «Қалай сауатты өтінім толтыруға болады?» тақырыбында Астана қаласындағы АҚШ елшілігінің координаторы Ж.Тоқтарова, «Трудовые отношения в НКО» тақырыбында заңгер, Халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының Атырау облысы филиалының директоры А.Нургазиевалар ҮЕҰ өкілдеріне тренинг өткізді.

«Өз құқығыңды біл!» жобасы аясында алимент төңірегінде 10 әйел консультациялық көмек алды.

Жыл басынан бері ҮЕҰ ашу және оны жүргізу жөнінде 38 адамға консультациялық көмек берілді, оның ішінде кеңес алушы 1 адам Қарағанды қаласынан. Сонымен қатар, 12 ҮЕҰ жетекшілеріне Faceboоk парақшасын ашуға көмек берілді. Одан өзге аудандардағы ішкі саясат бөлімі мамандарына, аудандағы ҮЕҰ өкілдеріне телефон арқылы әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік сатып алу жөнінде кеңестер берілді.

Сонымен қатар, Азаматтық Орталықтың npoatyrau.kz сайты өз жұмысын жандандырып, орталықтың әлеуметтік желілердегі парақшалары белсенді жүрігізіліп келеді. Бұл өз кезегінде азаматтарға гранттар туралы жедел ақпараттар алуына мүмкіндік беруде.

Ай сайын 25 бағыт бойынша гранттар, конкурстар тізімі 91 ҮЕҰ өкілдері мен белсенді жастарға жіберіледі.

Жіберілген ақпараттар Қазақстан Республикасы аумағы мен шет ел қорларынан да таңдалынып алынды, соның ішінде «Түркітілдес журналистер қоры», Прагалық Азаматтық орталық, Бауыржан ҚҚ, ЮНЕСКО институты, British Council Kazakhstan, Қазақстандағы Германия елшілігі, Азаматтық қоғам және дін істері министрлігі, UNICEF, goviral.kz, Ф.Эберт қоры, «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ҚҚ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік АҚ.

«Самұрық-Қазына траст» корпоративтік қорының «Әрекет» жобасына қатысушы 22 ҮЕҰ жетекшілері Азаматтық орталықтың қолдауымен өз бизнес-жобаларын қорғап, оның 16-сы 500 000 теңге көлемінде грантқа ие болды.

Азаматтық қоғам орнатудың негізгі көзі саналатын үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау тетігі осы уақытқа дейін қол жеткізген табыстарды жалғастыруға бағдарланғандықтан, Азаматтық орталық қызметі мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетіндігін уақыттың өзі дәлелдей түсуде.

Азаматтық орталық кеңсесі Махамбет көшесі, 88 ғимаратта орналасқан.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2019 11:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2019 15:15

Қаралым саны: 1452