Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

2019 жылдың 12 айындағы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің атқарған жұмысы туралы ақпарат

1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Департаменттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 6 адамдықұрауытиіс.

Іс жүзінде ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында болған 3 бас маман лауазымы бос болды, 11 маусымға дейін 2 маман жұмыс жасады (а. ж. 17 мамырында тағайындалған бөлім басшысы мен жетекші маман (декреттік орын), бала күтімі бойынша демалыста 3 адам болды.

Осылайша, мемлекеттік бақылау бір маман А. М .Иманғалиевамен жүзеге асырылды.

2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап Департаментте мамандардың нақты саны 5 адамболды. Қазіргі уақытта (06.01.2020 ж.) бір уақытша бос орынбар (бала күтіміне байланысты демалыста).

2. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу

Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру Министрдің бұйрығымен бекітілген жартыжылдыққа профилактикалық бақылауды тексеру тізіміне сәйкес, сондай-ақ жоспардан тыс тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокуратура органдарының талаптары негізінде жүргізіледі.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Департамент барлығы 39 тексеруді қамтыды, оның ішінде:

1) 11 субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау тексерісі, онда 6 жағдайда салыстырылып тексерілмеген 174 өлшем құралдарын пайдалану бойынша бұзушылықтар болған, бұл 55% құрайды. Осылайша, ҚР "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы"Заңының 19-бабының талаптары бұзылған. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 6 ұйғарым берілді;

2) 8 жоспардан тыс тексерулердің ішінде бір жағдайда бұзушылық болды, бұл 14% құрайды:

- ҚР СИМ ТРМК тапсырмасы бойынша жоспардан тыс 2 тексерістің бір жағдайда бұзушылық болды. Тексеру нәтижелері бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өтуіне байланысты, құрылыс өнімдері бойынша сарапшы-аудитор З. А. Балахметова ҚР ӘҚБтК 62-бабына сәйкес ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

- 6 тексеру берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жүзеге асырылды, бұзушылықтар анықталған жоқ;

3) прокуратура органдарымен 7 бірлескен тексерудің 2 жағдайында салыстырылып тексерілмеген 22 өлшем құралдарын пайдалану бойынша бұзушылықтар болған, бұл 28% құрайды.

4) Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау 13 тексеру нәтижесінде, 3 жағдайда берілген хабарламалардың орындалуы туралы есептер ұсынылмаған. Осыған байланысты 3 субъектіні субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін тізімге енгізу ұсынылды.

Бірлескен тексерулердің нәтижелері бойынша 1 061 750 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салу туралы 2 қаулы шығарылды, оның ішінде 481 000 теңге сомасына 1 қаулы орындалды. Орындау мерзімі 580 750 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салу туралы 09.12.2019 ж. шығарылған қаулының орындалу уақыты өткен жоқ.

Мемлекеттік бақылау барысында метрология және аккредиттеу саласында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 12 айында департамент мамандары ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 917 үлгісін (ҚР Елтаңбасы - 621 бірлік, ҚР Туы - 296 бірлік) ҚР СТ 988-2007 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар», "ҚР СТ 989-2014 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне көзбен шолу жүргізді.

Осылайша, 917 мемлекеттік рәміздер тексерілді,оның ішінде сәйкессіздіктер 52 үлгілерде (Мемлекеттік Елтаңба-21 бірлік (3%), мемлекеттік ту – 31 бірлік (10%) анықталған.

ҚР СТ 989-2014 4.2.4.1 т.бойынша негізгі сәйкессіздіктер ҚР Елтаңбасының үлгілерінде дақтар түрінде алтын түсті жабындарда қараңғыланған бөліктер бар. ҚР Мемлекеттік Туына қатысты НҚ сәйкес Б2 өлшемдері бойынша негізгі сәйкессіздіктер 60 мм болуы тиіс, іс жүзінде рұқсат етілген + - 3 мм сақталмайды.

Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік рәміздерін іске асыратын дайындаушылар туралы ақпарат ТРМК-ге және аумақтылығы бойынша дайындаушының орналасқан жері бойынша департаменттерге жіберіледі.

Айта кету керек, Департамент Атырау облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, белсенді жұмыс жүргізуде, мысалы, ағымдағы жылы Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Малибеков Жандарбек Мәлібекұлының қатысуымен мемлекеттік органдар үшін оқыту семинары өткізілді.

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, Техникалық реттеу және метрология комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, Кеден одағының 018/2011 "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы"техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кеден бекеттерінде әкелінетін көлік құралдарына 14 тексеру жүргізді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

(Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 29.04.2019 ж. № 184 бірлескен бұйрығы және "Мемлекеттік кірістер және техникалық реттеу және метрология органдарының өзара іс-қимылы туралы" ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің 23.04.2019 ж. № 188-од бұйрығы негізінде)

3.Сот тәжірибесі

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ филиалына (бұдан әрі - ҚТЖ филиалы) қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Департаментпен 11.02.2019ж. әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша 481 000 теңге сомасына айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.

ҚТЖ филиалы Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына шағымданған кезде 11.02.2019 ж. әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы өзгеріссіз қалдырылды (26.03.2019 ж. № 2312-19-00-3ж/57 сот қаулысы).

Сонымен қатар, ҚТЖ филиалы Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 26.03.2019 ж.қаулысына Атырау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына шағым береді. Атырау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 21.05.2019 ж. № 2399-19-00-3а/123 қаулысымен филиалдың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Осылайша, Департаментпен 11.02.2019 ж.әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулы ҚТЖ филиалына қатысты өзгеріссіз қалды.

4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

Есепті кезеңде техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 288 өтініші қаралды, олар дер кезінде қаралады, ол ҚР БП ҚСжАЕК Атырау облысы бойынша басқармасының ай сайынғы салыстыру актілерімен және ЭҚАБЖ-де өтініштерді тіркеумен расталып отырады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері белгіленген тәртіппен қаралады, бұзушылықтар анықталмаған.

5. Этикалық кодекс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау

Департаментте мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметші мәртебесімен байланысты шектеулер сақталады, Этикалық кодекс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады, бұл департамент мамандарының іс-әрекетіне шағымдардың болмауымен расталады.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында Департамент ғимаратында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"тақырыбына әр түрлі жадынамалар орналастырылған.

Департаменттің қызметкерлері туралы БАҚ-та сыни жарияланымдар болған жоқ.

6.Техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті өнімнің сәйкестігін бағалау саласында техникалық реттеу, метрология және аккредиттеу саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (35 дөңгелек үстел өткізілді), бұл 119 ақпаратты интернет ресурстарда орналастырумен, теледидарда жарық көрумен-5, газеттерде мақалалар-5 жарияланумен расталынады.

25.06.2019 ж. Техникалық реттеу мәселелері бойынша Өңірлік штаб өткізілді.

2020 жылға арналған міндеттер

  1. 1 жартыжылдыққа бекітілген тізімге сәйкес субъектілерге барумен профилактикалық бақылауды жалғастыру;
  2. Мемлекеттік бақылауға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізу;
  3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;
  4. Сапасыз тауарлардың (тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша) нарыққа түспеу мақсатында өнімді тұтынушылар үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен техникалық регламенттердің белгіленген талаптарын бұза отырып өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттардың сәйкестігін растау жөніндегі органдардың қызметін жүзеге асыруын және беру фактілерін болдырмау мәселесі бойынша және тауарларды шартты шығарудың ережелері мен талаптарын бұзу мәселесі бойынша Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (кеден блогы) өзара іс-әрекетті күшейту.

Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 11:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 11:20

Қаралым саны: 151