Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.07.2018

Қызметтер

Мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы ақпарат

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы келесідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

«Іздестіру қызметіне лицензия беру»;

«Жобалау қызметіне лицензия беру»;

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»;

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».

«Іздестіру, жобалау қызметтері және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №276 бұйрығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағы бойынша тапсырады.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағы бойынша тапсырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы №733 бұйрығымен «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс

саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары» бекітілді.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілген қызметті берушіге құжаттар пакеті тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнді құрайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағы бойынша тапсырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайы: Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 А

Көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8(7122)355940, 8(7122)355937.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі 8.30-дан 18-00-ге дейін жүзеге асырылады, сағат 12-30-ден бастап 14-00-ге дейін түскі үзіліс.


Мақаланың шыққан күні: 05.03.2018 00:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2018 00:48

Қаралым саны: 23