Array Мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

Мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы ақпарат

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы келесідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

«Іздестіру қызметіне лицензия беру»;

«Жобалау қызметіне лицензия беру»;

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;

«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру»;

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»;

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №136 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері: 1) Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

- лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып қайта ресімдеу - 15 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); - лицензияның телнұсқасын беру - 2 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); - жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезінде қайта ресімдеу - 3 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды; Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағы бойынша тапсырады.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №276 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағы бойынша тапсырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы №733 бұйрығымен «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары» бекітілді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілген қызметті берушіге құжаттар пакеті тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнді құрайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағы бойынша тапсырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайы: Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 А

Көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8(7122)355940, 8(7122)355937.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі 8.30-дан 18-00-ге дейін жүзеге асырылады, сағат 12-30-ден бастап 14-00-ге дейін түскі үзіліс.


Мақаланың шыққан күні:: 10.03.2017 18:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.03.2017 18:00