Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

2019 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы АҚПАРАТ, ММ Атырау облысы Дін істері басқармасы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жоспарланған тақырыптар

Жоспарланған қаржыландыру сомасы,мың теңге

Ақпараттыңдерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, мақсатты топтар арасында консультациялық, ақпараттық-ағартушылық, профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүзеге асыру

60571,4

Мемлекеттік әлеуметік тапсырысты (МӘТ) жүзеге асыру бойынша келесідей құжаттар негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» № 483-ІV Заңы.

Аталған заңның 5-бабы 3-тармағы бойынша облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады

Өз кезегінде, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттыіске асыру жергiлiктi атқарушы органдардыңМӘТ арқылы жүзеге асырылады.

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама».

Бағдарлама мақсаты: Діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризмнің қатерлерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Міндет: Қоғамда радикалдық идеологияға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру.

3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдама».

Тұжырымдаманың 2.2.3-тармағына сәйкес, діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылдың және деструктивті діни ағымдардың қызметін бейтараптандырудың жалпы мемлекеттік жүйесін одан әрі күшейту қажет етіледі.

Осы орайда, радикалды діни ағымдар идеологиясының ықпалына түскен, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және өтеген адамдарды райынан қайтару, оңалту және әлеуметтік қайта бейімдеу бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыруда уәкілетті мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимылының тетігін жетілдіру басты стратегиялық міндетердің бірі болып табылады.

4)ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (Министрдің 28.12.2016 жылғы№ 17 бұйрығымен бекітілді).

Төмендегідей мақсатты топтармен жұмыс жүргізілетін болады:

- Деструктивті діни ағым ерушілерімен адрестік оңалту жұмыстарын жүргізу;

- Жеке тұлғалардың және сенім телефондары келіп түскен өтініштер негізінде оңалту жұмыстарын өткізу;

- Атырау облысында орналасқан түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен, сонын ішінде террористік және экстремистік баптар бойынша сотталған тұлғалармен топтық/жеке профилактикалық және оңалту кездесулерді ұйымдастыру;

- Террористік және экстремистік баптар бойынша жазасын өтеп, түзету мекемелерінен босап шыққан тұлғалармен оңалту жұмыстарын жалғастыру;

-Деструктивті діни көзқарастағы әйел жамағатымен, сонын ішінде террористік және экстремистік баптар бойынша сотталғандардың әйелдерімен профилактикалық және оңалту шараларын жүзеге асыру;

-Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен отбасылырына, әсіресе әйелдер мен балаларға әлеуметтік және өзге де қолдау көрсету жұмыстарын жүргізу;

-Деструктивті діни ағымдардың жергілікті көшбасшыларымен жеке тұлғалық оңалту жұмысын жүргізу;

-Ұйымдаспаған жастар, атап айтқанда дін ұстаушы жастарарасында түсіндіру, оңалту және нүктелік жұмыстарды жүргізу;

-Шетелдегі күмәнді діни оқу орындарда оқып келген тұлғалармен,елге қайтару бойынша оқып жатқандардыңжақын туыстарымен, сондай-ақ райынан қайтару бойынша оқуға кетуге ниет танытқандармен профилактикалық іс-шаралар өткізу;

- Террористік белсенділік аймақтарда болып келген отбасыларға теологиялық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету;

- Интернет-сайттар мен теологтардың әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы ақпараттық және контрпропагандалық жұмыс жүргізу;

- Өңірлік мерзімдік басылым (интернет-сайты болу міндетті) басшылығымен келісім-шарт жасасу арқылы деструктивті діни идеологияны әшкерелейтін, ұлттық және зайырлы құндылықтарды насихаттайтын ақпараттар таратуды ұйымдастыру.

МӘТ жобасын жүзеге асыру нәтижесінде:

- Діни экстремизм мен терроризм профилактикасы саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы ведомствоаралық үйлестіру және байланыс механизмі қамтамасыз етіледі;

- Діни экстремизм профилактикасы және зайырлылық қағидаттарын ілгерлету бағытындағы үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік қолдауы қамтамасыз етіледі;

- Радикалды діни идеология ықпалына түскен тұлғаларды дерадикалдандыру, оңалту және қайта әлеуметтендіру бойынша орталықтың жұмысы қамтамасыз етіледі;

- Деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен, экстремизм және терроризммен байланысты баптар бойынша сотталғандармен, олардың отбасыларымен дәлме-дәл және атаулы оңалту жұмыстарын одан әрі жетілдіруқамтамасыз етіледі;

- Кәсіби даярлығы жоғары теологтарды тарту арқылы мақсатты топтар арасындағы жұмыстын белсенділігі арттырылады;

- Деструктивті діни ағым ерушілер саны азайтылып, дәстүрлі және байыпты көзқарастарға өтуі қамтамасыз етіледі.

2

Діндарлар (жамағат) арасында Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыруға, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға бағытталған

жұмыстардыжүргізу

 

42 107,1

МӘТ жобасын жүзеге асыру бойынша келесідей құжаттар негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» № 483-ІV Заңы.

Аталған заңның 5-бабы 3-тармағы бойынша облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады

Өз кезегінде, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жергiлiктi атқарушы органдардың МӘТ арқылы іске асырылады.

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама».

Бағдарламаның нәтижелер көрсеткіштерінің бірі – Радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстарымен діни топтар мен қауымдарды қамту.

Бағдарлама Жоспарының 4-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға тіркелмеген діни топтармен және қауымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті және діни араздық пен алауыздықты өршітуге жол бермеуді қалыптастыруға бағытталған діни бірлестіктерді тарта отырып іс-шараларды ұйымдастыру жүктелді.

3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдама».

Тұжырымдама бойынша қажет етіледі:

- жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылының нысандарын жетілдіру;

- дін саласындағы мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес келетін діни бірлестіктердің қоғамдық бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету;

- дінге сенушілердің белгілі бір бөлігінің көзқарастарының радикалдану деңгейін азайту, радикалды діни ағымдардың идеяларына қарсы іс-қимыл, теологиялық тұрғыдан олардың идеологияларының беделін түсіру мақсатында діни бірлестіктермен көптеген мәселелер бойынша белсенді түрде өзара іс-қимыл жасау;

- мемлекет рәміздерге құрметпен қарауға, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді сыйлауға, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде қатысуға шақыратын діни бірлестіктер мен олардың өкілдерінің қызметін қолдау;

- діни бірлестіктердің, ағымдар мен олардың өкілдерінің конституциялық нормаларды орындаудан, оның ішінде мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын сақтаудан бас тартуға шақыру әрекетіне жол бермеу қажет, сондай-ақ, атап айтқанда, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының талаптарына сәйкес келетін және мұнымен шектеліп қалмай, діни экстремизм мен терроризмді насихаттауға жол бермеу қажет.

МӘТ жобасының мақсатты топтарына Атырау қаласы мен барлық аудандарда (Жылыой, Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Индер) орналасқан ғибадат үйлерінің діндарлары (жамағаттары)жатқызылады.

МӘТ жобасын жүзеге асыру нәтижесінде:

- білікті теологтар, діни қызметкерлер мен насихаттаушыларды тарта отырып, ғибадат үйлерінің жамағаттарына радикалды діни ағымдар идеологиясын әшкерелеуге бағытталған, әсіресе нысаналы және "проблемалық" топтар арасында профилактикалық және оңалту жұмыстарын жандандыруқамтамасыз етіледі;

- Радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстарымен діни топтар мен қауымдар қамтылады.

3

Атырау облысындағы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің қызметін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу

13 392,9

МӘТ жобасын жүзеге асыру бойынша келесідей құжаттар негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» № 483-ІV Заңы.

Аталған заңның 5-бабы 6-тармағы бойынша облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi

Өз кезегінде, дін саласындағы түсiндiру жұмыстарыжергiлiктi атқарушы органдардың МӘТ және үкіметтік емес ұйымдар, бірлестіктер мен қоғам қайраткерлерін тарту арқылы іске асырылады.

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама».

Бағдарламаның Жоспарында жергілікті атқару органдарға қатысты келесідей тапсырмалар айқындалған:

1-тармағында – Қазақстандық азаматтарда терроризмге қарсы сананы және радикалдық идеологияға деген иммунитетін қалыптастырудың тиімді түрлері мен әдістерін бүкіл деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары субъектілерінің қызметіне енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

2-тармағында –Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының субъектілері жұмыскерлерінің ақпараттық әсер ету технологияларына деген кәсіби   құзыреттіліктерін арттыру;

8-тармағында –Орта, техникалық және кәсіби, жоғары білім беру ұйымдарында оқитындарға, оның ішінде үкіметтік емес сектордың қатысуымен   рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі іс-шараларды өткізу;

10-тармағында –Интернет желісінде және әлеуметтік желілерде радикалдық идеологияға иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

15-тармағында –Ақпараттық-түсіндіру субъектілерінің жұмысына теолог мамандарды тарту;

16-тармағында –Әлеуметтік желілердегі аккаунттарды сүйемелдеуді және мемлекеттік органдар, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен діни бірлестіктер өкілдерінің экстремизмге қарсы тақырып бойынша сөздерін бейнехостингтерде жариялауды ұйымдастыру.

3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдама».

Тұжырымдама бойынша мемлекеттің негізгі күш-жігері мынадай міндеттерге шоғырлануы тиіс::

- мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту, азаматтардың ар-ождан бостандығына құқығын қамтамасыз ету (1.3.1 т.);

- мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және діни экстремизмге қарсы іс-қимылға бағытталған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жұмысының бірыңғай жүйесін жетілдіру (1.3.3 т.);

- халық арасында қоғамда тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру бойынша мемлекет іске асырып жатқан шараларды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту (1.3.6 т.).

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда дін саласындағы уәкілетті органның мүдделі мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыратын болады.

4) ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (Министрдің 28.12.2016 жылғы № 17 бұйрығымен бекітілді).

МӘТ жобасын орындау барысындаоблыстағы барлық тұрғындардың топтары мен өкілдері қамтылып, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру қызметі субъектілерінің біліктілігін арттыру және жетілдіру шаралары жүзеге асырылады.

МӘТ жобасын орындау нәтижесіндекелесідей деңгейлердің өсуі қамтамасыз етіледі:

- Ел халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауының деңгейі.

-Халықтың мемлекеттің зайырлы даму қағидаттарын қолдауының деңгейі.

- Халықтың діни экстремизм мен оның деструктивті идеологиясына қарсы іс-қимыл туралы хабардар болуының деңгейі.


Мақаланың шыққан күні: 10.01.2019 15:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2019 14:41

Қаралым саны: 1524