Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.12.2017

Қызметтер

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы туралы ақпарат

2016 жылдың 29 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің №919 қаулысымен 2011 жылдан бері жүзеге асып келген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмысы тоқтатылып, жаңадан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты:

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Бағдарлама келесі міндеттерді қамтиды:

1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.

2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.

3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.

5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасын төмендегі үш бағыт бойынша жүргізіледі:

1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;

2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

 

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

1.1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2.1) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

 

Бағдарламаның бірінші бағытының операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

1.1) Тұрмысы төмен отбасыларының 9-11-сыныптарды бітіруші балалары, бұрын оқу орындарына түспеген адамдарға техникалық және кәсіптік білім беру.

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауға қатысушылар оқуына ақы төлеу, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтылады.

2.1) Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да өткізіледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін қатысушылар оқуына ақы төлеу, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтылады. Басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеу көзделеді.

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады.

Үстіміздегі жылы мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқу пилоттық режимде бес өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүзеге асырылатын болады.

 

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бұл бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

2.1.) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2.2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.

 

2.1) «Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын және стипендия төленеді.

2.2) Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:

1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;

2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін; (18 152,0 мың теңге)

3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;

Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берiлмейдi.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді. Яғни, жеке кәсіпкер болуға және бұрынғы жеке кәсібін одан әрі дамытуға беріледі.

 

Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

3.1.) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

3.2.) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3.3.) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Бағдарламаның үшінші бағытының операторы болып табылады.

 

3.1) Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:

1) кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;

2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

4) жастар практикасын ұйымдастыру;

5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

 

3.2) Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

 

3.3) Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Бағдарламаның осы бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге

жәрдемдесу үшін «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құруды көздейді.

«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында:

1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (ААЖ);

2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорындағы;

3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылған.

«Еңбек нарығы» ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, халықаралық өзара іс-қимыл мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған.

«Еңбек нарығы» ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты қамтиды.


Мақаланың шыққан күні:: 18.03.2017 17:58
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.03.2017 17:58