Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Индер ауданында 2018 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес (алдын алу) шеңберінде қабылданған шаралар туралы ақпарат

Елбасымыздың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығында және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер ретінде және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Елбасы жүктеген міндетті орындау мақсатында Индер ауданында аталған Жарлықты басшылыққа ала отырып бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша 2018 жылы ауданда көптеген шаралар өткізілді. Атап айтқанда:

Индербор кенті, ауылдық округтерде, аудандық білім беру ұйымдарында, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен аудандық әділет басқармасында, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 2018 жылы «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты акциялар, «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында пікір алмасу сағаттары, «Ашық есік» күндері, «Сыбайлас жемқорлық билікке сенімді әлсіретеді» тақырыбымен жиналыстар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында аудан әкімінің 2017 жылғы 9 наурыздағы №59-ө өкімімен құрылған мобильді топ өз кезегінде ағымдағы жылы Индербор кенті және ауылдық округтердегі тұрғындарға, еңбек ұжымдарына ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізді.

Сонымен қатар 2018 жылы «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2018 жылға арналған Кешенді жоспардың» «Таспа» жобасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған 52 (2017ж-36) әлеуметтік сұхбат түсірілді. Аталған жобаға аудан тұрғындары, еңбек ұжымдары қатынасты.

Күні бүгінде мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны жою мақсатында заң талаптары қатайтылып, бірқатар пәрменді шаралар қолға алынуда. Дегенмен, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуде ағартушылық, білім беру, тәрбие жұмыстарының да рөлі зор, сондай-ақ жаңа орта қалыптастырудағы шыдамдылық та қажет. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялап, білім беру мекемелерінде, мемлекеттік органдарда, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ауқымды оқу курстарын өткізу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру, құқықтық оқыту, мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілікті арттыру біздің жұмысымыздың басты бағыты болып отыр. Осы мақсатта жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатынасуымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, ішкі бақылау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органның есебін түсіндіру және сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жолын кесу мақсатында 2018 жылы 45 (31) жиналыс, 9 (6) дөңгелек үстел өткізіліп, кеткен кемшіліктер мен алда тұрған міндеттер нақтылы сараланды.

Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарында 9 желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Бірыңғай сағат өткізу.

Өткен жылдың 5 желтоқсан күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай барлық жалпы білім беру ұйымдарында Бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 8-10 сынып оқушыларына «Жемқорлық індет-жою міндет» тақырыбында сынып сағаттары, 11 сынып оқушыларына мектеп инспекторларының қатынасуымен «Сыбайлас жемқорлыққа адам неге барады?» атты дөңгелек үстел, 5-6-7 сынып оқушыларына «Біз жемқорлыққа қарсымыз» сюжеттік ойындар, аудандық кітапхананың оқу залында ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара барысында оқырмандарға слайд, видеороликтер көрсетіліп, «Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Кітап көрмесіне Н.Төлепбергенұлының «Жемқордың жеткен жері» (2015), Ш.Құттыаяқовтың «Қазаннан қақпақ кетсе...» (2000), А.Сәулебектің «Қамшысөз» (2016) атты кітаптары және баспасөз басылымдары қойылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында хабардарлық деңгейін жоғарылату, сондай-ақ өз құқықтарының білуіне ықпал ету мақсатында 5500 (4500) дана жадынамалар таратылды.

Аудандық үнқағаз арқылы мемлекеттік мекемелердің сенім телефондары мен сенім жәшіктері орнатылғандығы туралы хабарлама берілсе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2018 жылы 41 (35) мақала жарияланды.

Заман талабына сай ақпарат алмасудың, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығының бірден бір көрсеткіші - бұл интернет ресурстардың тиісті деңгейде қолданылуы. Бұл бағытта әлеуметтік желілерде аудан әкімдігінің арнайы парақшасы да жұмыс жасауда. Бұл билік пен бұқараның байланысын нығайтып, азаматтардың өзін толғандырған мәселелері бойынша еркін жүгінуіне жасалған жағдайдың бір парасы іспетті.

2018 жылы әкімшілік аумақтағы қызмет алушылардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шараларды қолдану мақсатында аудан әкімдігіне қарасты әкімшілік аумақтағы кенттік,

ауылдық округі әкімі аппараттарының, бөлімдерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Халыққа қызмет көрсету орталығы Индер аудандық бөлімінің (қызмет алушыларды мемлекеттік қызметті алудың процедураларымен ақпараттандыру үшін) ғимараттарында инфографикалар және жадынамалар орналастырылды.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшылығының және ауданаралық бөлім басшысының азаматтарды қабылдау кестесі мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы арыз-шағымдарды қабылдайтын мекен-жайы туралы мәліметтер аудандық «Дендер» газетіне және облыс әкімдігінің интернет-ресурсына тоқсан сайын жарияланылып келеді.

Тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында түсіндірме түріндегі 11 (7) баннерлер аудан орталығында, ауылдық округтерде тұрғындар көп шоғырланатын және көлік ағымының басым орталығына орналастырылса, ал аудан әкімдігіне қарасты мекемелерде және ұйымдарда жадынамалар ғимараттың көрнекі жерлеріне ілінді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Мақаланың шыққан күні: 21.01.2019 17:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2019 17:45

Қаралым саны: 815