Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

2018 жыл бойынша Индер ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған.

Жергілікті атқарушы органдардың ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізіліміне сәйкес Индер ауданы бойынша дербес бөлімдермен, Индербор кенті, ауылдық округтер аппараттары арқылы жүзеге асырылады.

2018 жыл бойы мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімінен кешіктіру 2 фактісі тіркелді.

Жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ХҚКО арқылы ұсынылады.

Индер ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы 94 (мемлекеттік органдар арқылы – 18, баламалы түрде – 17, мемлекеттік корпорация арқылы – 35, электронды түрде – 24) мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі.

2018 жылы 94 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 18466 қызмет көрсетілді, соның ішінде қағаз түрінде 1949 (10,5%), баламалы түрде 3974 (21,5%), ХҚКО арқылы 4727 (25,5%) мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 7816 (42,5%) электрондық түрде көрсетілді.

Ауданда мемлекеттік қызметтің түрлері бойынша қызмет көрсетуде басымдыққа ие – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, білім, құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, ауыл шаруашылығы, ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімдері болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42 тармағына сәйкес аудан әкімі аппаратымен 2018 жылы - 12 ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Ішкі бақылау тексеру қорытындысымен жергіліктің атқарушы органдар басшыларына тиісті ұсынымдар беріліп, бақылауға алынды.

«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті қолжетімді алу үшін ауданда 1 ХҚКО бөлімі жұмыс істейді. Алшақ елді мекендерді

қамту үшін ай сайын мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы (М-ХҚКО) мамандары жұмыс істейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Индер аудандық бөлімінің Мобильдік ХҚКО-ның сапарға шығу кестесіне сәйкес айына 2 рет Көктоғай, Өрлік, Есбол ауылдық округтерінің тұрғындары үшін (осы кезеңде жалпы саны 36 рет қызмет көрсетілсе, оның ішінде аудан әкімдігімен бірлескен түрде 12 рет жұмыстар атқарды) қызмет көрсетіліп отыр.

Ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету сапасын арттыру бойынша 142 іс-шара (оның ішінде семинарлар, түсіндіру жұмыстары – 64; аудан әкімдігінің веб – сайтындағы, аудандық «Дендер» қоғамдық – саяси үнжариясындағы мақалалар - 53; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» - 14, ауылдық округтерде, мекемелерде өткізілген «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатын үйретуші бейнероликтер саны – 11 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен аталған кезеңде – 5800 тұрғын қамтылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындарға түсіндіру, насихаттау және ақпараттандыру бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен дайындалған «Сіз мемлекеттік қызметтер алу кезінде өз құқықтарыңызды білесіз бе», «Пара беру бас бостандығыңнан айырады» атты 7500 дана брошюралары таратылды.

Халықты ақпараттандыру және сауаттылығын арттыру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бағытында жоспар жасақталып, ағымдағы жылдың маусым айында ауданның 8 мектебінде 4500 тұрғын оқытылды.

Индер ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Индер аудандық бөлімінің ғимараттарында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшіктер орналастырылған.

2018 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Аудан әкімі аппаратымен аталған кезеңде «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 6 қызметкер біліктілігін арттырды.

Аталған кезеңде аудан бойынша 4580 адам электрондық сандық қолтаңба алды. Сонымен қатар, Индербор кенті және 6 ауылдық округ әкімі

аппараттары ауыл тұрғындарына электрондық түрде қызметтер көрсету мақсатында соңғы үлгідегі компьютер, принтерлермен толықтай қамтамасыз етіліп, жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда 2017 жылы тамыз айында ашылған «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы «электрондық үкімет» веб-порталынан қызметтің 24 түрінен 5212 қызмет көрсетілді.

Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.


Мақаланың шыққан күні: 21.02.2019 15:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.02.2019 15:51

Қаралым саны: 963