2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Индер ауданының білім бөлімінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Индер ауданының білім бөлімінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес жасақталған.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарлама бойынша оқыту үшін ведомствалық бағаныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау қызмет түрінен 36 қызмет; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау-1; шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-2; аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру 104 қызмет көрсетілсе, жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну қызметі бойынша 175 қызмет; дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту, әлеуметтік бейімдеу қызметінен-19; бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру-1; мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 78 отбасыға консультациялық кеңес беріледі; жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу-1; негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру 16 қызмет түрі көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытынды қызмет түрлері аудандық баспасөз беттерінде жолданды.


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018 00:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 00:52

Қаралым саны: 1119