Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.06.2017

Қызметтер

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратындағы мамандар туралы мәлімет

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы: Хамзаева Тұрсын Рахметқызы, 1959 жылы 2 қаңтарда Сафон ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1966-76 жылдары Энгельс орта мектебінде оқыған. 1976-77 жылдары Гурьев қаласындағы училищені бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. 1978-2005 жылдар аралығында балабақшада, селолық кеңесте есепші, «Путь к Коммунизму» колхозы мен «Коммунизм жолы» совхозында есепші, балабақшада шаруашылық меңгерушісі және есепшісі, Ғ.Әліпов өндірістік кооперативінде есепші, Мақаш селолық округінде және Әбу Сәрсенбаев орта мектептерінде есепші болып жұмыс жасаған. Тұрмыста, 3 ұл, 1 қыздың анасы, немере-жиен сүйген әже.

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы: Базарғалиева Тілекші Зұлхожақызы, 1968 жылы 1 қаңтарда Алға селосында дүниеге келген. 1975-1985 жылдары Карл Маркс орта мектебінде оқыған. 1986-1991 жылдары Атырау педагогикалық институтының физика-математика пәні мұғалімі мамандығын бітірген. 1985-2005 жылдар аралығында Атырау педагогикалық институтында лаборант, Еңбекші орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, Карл Маркс орта мектебінде тәрбиеші, кейін математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. Тұрмыста, 1 ұлдың анасы.

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы: Аяшова Жанар Мұқажанқызы, 1981 жылы 2 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. 1987-1997 жылдары Атырау қаласындағы мектепті бітірген. 2002-2007 жылдар аралығында Атырау мемлекеттік университетінің Жергілікті және өзін-өзі басқару(менеджер) мамандығын бітірген. 2000-2005 жылдар аралығында «Восход» ПИК-нде бухгалтер-кассир, «Универсал Кетринг» ЖШС-да аспазшы болып жұмыс жасаған. Тұрмыста, 3 қыз, 1 ұлдың анасы.

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы: Қуанышбаев Айбек Жұмабекұлы, 1987 жылдың 21 ақпанында Морской ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1993-2004 жылдар аралығында Әбу Сәрсенбаев орта мектебінде оқыған. 2006-2011 жылдар аралығында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2006-2012 жылдар аралығында «Мақаш» өндірістік кооперативінде жұмысшы және програмист, Әбу Сәрсенбаев орта мектебінде лаборант болып жұмыс жасаған. Бойдақ.


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 17:14
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 17:14