Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің қызметі туралы 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша анықтама.

2017 жылдың 9 айы есептік кезеңіне Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (әрі қарай – ТРМКД) 21 тексеріс жүргізді, оның 13-нен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында заңнамалық бұзушылықтар анықталды, яғни тексерістің жалпы санының 62% құрайды.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық бұзушылықтар бойынша сомасы 3 471 570 теңгені құрайтын 10 әкімшілік айыппұл салынды, төленген әкімшілік айыппұлдардың ерікті түрде орындалуы 100%-ды құрады.

«КазТрансОйл» Акционерлік Қоғамымен 1 қаулыға әкімшілік сотқа шағым жасау орын алды, алайда соммасы 453 800 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы өзгеріссіз қалдырылды, ал АҚ шағымы қанағаттандырылмады.

Мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша бас мемлекеттік инспекторымен салыстырып тексеруден өтпеген және ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілмеген 199 дана өлшем құралдарын қолданыстан алып тастау туралы ұйғарымдар берілді.

Жоғарыда келтірілген, Атырау облысының көлік прокуратурасымен тексеріс жүргізу туралы қаулысы бойынша, аумақтағы 2 кәсіпорында бірлесіп тексеруге қатысып, олардың біреуінде метрология саласында заңнаманың бұзылғандығы анықталып, тексеріс нәтижесі бойынша сомасы 453800 теңге құрайтын әкімшілік айыппұл салынды.

2017 жылдың 9 айында белгіленген тәртіпте өнімнің міндетті сәйкестігін растау мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 253 өтініші қаралып, жауаптары өз уақытында берілді.

Техникалық реттеу, халықаралық стандарттар және кеден одағының техникалық регламенті және ЕЭО сұрақтарын түсіндіру бойынша тұрақты түрде «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалымен бірлесіп дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіліп отыр.

Сонымен қатар, техникалық реттеу жүйесін жетілдіру бойынша, «Стандартау туралы» ҚР заңнамаларын қабылдау, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жоспарды орындау, кеден одағы аумағында міндетті сертификатауға жататын өнімді тасымалдау, асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған бүйымдардың айналымы, ҚР мемлекеттік рәміздері туралы 2017 жылы 42 семинар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізілді.

БАҚ–пен жұмыс бойынша шараларды орындау мақсатында облыстық және қалалық газетте 16 мақала, телеарнада 4 шығарылым және интернет – ресурста (сайт, facebook) 67 жарияланым жарияланады.

Департаментте ҚР СТ 989-2014 «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы Техникалық шарттар» бойынша түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізілуде, 623 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан 1538 ҚР мемлекеттік рәміздері ҚР СТ 989-2014, ҚР СТ 988-2007 стандартының талаптарына сәйкестігі тексеріліп, оның ішінде 81 дана ҚР Мемлекетік Елтаңбасы мен 400 дана ҚР Мемлекеттік Туы ҚР СТ талаптарына сәйкес келген жоқ.

Ағымдағы жылғы есепті кезеңде 2 өңірлік штаб өткізіліп, онда төмендегідей сұрақтар қаралып, талқыланды:

- Ішкі нарықта өнімнің әлемдік бәсекеге қабілетті индиксінің көрсеткішін жақсарту бойынша шаралар жоспары шегінде жергілікті жеткізушілердің сапасын жақсарту бойынша;

- Стандарттауды 6 басым бағытта дамыту бойынша (смарт сити – ақылды қала, 4.0 - индустрия төтенше өнеркәсіптік жаңғырту(ревалюция), құрылыс, органикалық өнім, халал индустрия және қызмет саласында стандарттарды дайындау бойынша);

- «Қаптама қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 005/2011) КО ТР-не өзгерістер енгізу туралы;

- Отандық өндірушілердің қызығушылығына қолдау көрсету үшін БСҰ бойынша серіктес елдердің нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік органдармен және экспортқа бағдарланған өндірушілермен қараудың маңыздылығы туралы;

- Саудадағы техникалық күрес, санитарлы және фитосанитарлы шаралар бойынша маңызды мәселелер. Хабарламалар тізілімі. Каталогтау жүйесі;

- Ұлттық стандарттардың (негізге алатын – 82 НҚ) 1 редакциясының жобаларын талқылау;

- Өзекті проблемалық мәселелерді талқылау, пікір алмасу.

2017 жылы 8 каталог парағы тіркелді.

Алғаш енгізілген техникалық регламенттерге сәйкес қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарға міндетті ережелер нормалары мен қолдану тәртібі түсіндірілді. Өзекті проблемалық мәселелер қарастырылып, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруда тосқауыл тудыратын мәселелерді шешудің балама жолдары табылды.

Есептік кезеңде облыстың 437 кәсіпорындарында ИСО 9001 – 406, 14001 – 231, 22000 – 21, OHSAS 18001 – 173, ИСО 50001 – 5 серияларына сәйкес 836 менеджмент жүйесі енгізілді.


Мақаланың шыққан күні: 20.10.2017 02:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 15:09

Қаралым саны: 1012