Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің 2018 жылдың 1 жартыжылдық қызметі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметі бекітілген жұмыс жоспарына және Министрліктің, Комитеттің және Департаменттің іс-шараларына сәйкес тұрақты түрде жергілікті атқарушы органдарымен және құқық қорғау органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырылады.

Кадр мәселелері

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің штат кестесіне сәйкес қызметкерлер саны 7 адам болуы тиіс, нақты, 6 адам, 1 бос орын бар (бас маман).

Есепті кезеңде департамент мамандары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу бойынша қызметкерлермен апта сайын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік бақылауға қатысты

2018 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша Департаментпен барлығы 4 іріктеп тексерулер өткізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Жүргізілген талдау нәтижесінде, іріктеп тексеру тізімі алдыңғы 5 жылдағы тексеру журналын есепке алу деректер негізінде, сондай-ақ, техникалық реттеу және метрология саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес және сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 бекітілген бірлескен бұйрығы негізінде жасақталады.

Азаматтардың өтініштерін қарау

2018 жылы Департаментпен өнімнің сәйкестігін растау сұрақтары бойынша 215 өтініштер уақытылы қаралды. Мерзім бойынша өтініштер

бұзушылықсыз қарастырылады, бұл ҚР БП ҚСжАЕК Атырау облысы бойынша басқармасымен салыстырып тексеру актісімен расталады.

 Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне мониторинг жөніндегі қызметі

 ҚР мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық және қалалық комиссияның жұмысы аясында Облыстық Ішкі саясат Басқармасымен бірлесіп, ҚР мемлекеттік рәміздерін Атырау облысындағы мемлекеттік мекемелерде қолдану бойынша мониторинг және түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

ҚР мемлекеттік рәміздердің ҚР СТ 989 - 2014 және ҚР СТ 988 – 2007 талаптарға сәйкестігі бойынша департаментпен 162 үлгіні көзбен шолу арқылы тексерілді, соның ішінде ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының 76 үлгілері мен 86 ҚР Мемлекеттік Туының үлгілері.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының стандарт талаптарына негізгі сәйкессіздігі - алтын түсте қоңыр дақтардың болуы.

Мекемелерге ҚР Мемлекеттік рәміздерінің сызықты өлшемдері мен түсті анықтау бойынша аккредиттелген сынақ орталықтарына және сәйкестікті растау жөніндегі органдарға жүгіну ұсынылды.

а.ж. 4 - маусым ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Мемлекеттік рәміздері бойынша атқарған жұмысы үшін департаментке Алғыс хат тапсырылды.

Ақпараттық-насихаттау қызметі (БАҚ – да мемлекеттік бақылау мәселелерін баяндау, дөңгелек үстелдер, семинар – кеңес, іс – шараларға қатысу, оның ішінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі)

2018 жылдың 1 жарты жылдығында барлығы – 189 іс – шаралар жүзеге асырылды, оның ішінде:

* техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өңірлік штабтың 2 отырысы өтті;

* 3 теледидарда сөз сөйлеу;

* 7 газеттердегі мақалалар;

* 79 сайтта және фейсбукте жарияланымдар (негізінен облыс әкімдігінің сайты және фейсбукте департамент басшысының парақшасы пайдаланылады);

* 27 дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді;

* департаменттің қатыстуымен71 семинарлар мен кеңестер өткізілді.

2017 жылдан бастап Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсында (atyrau.gov.kz) департаментің ақпаратын орналастыру үшін «Техникалық реттеу және стандарттау» бөлімі құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Бекітілген техникалық оқу жоспарына сәйкес бірлескен іс-шаралар жүргізіледі. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары бойынша видеороликтің көрсетілуімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. (02.02.2018 ж., 05.04.2018 ж.).

Департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама департаментпен 1 жартыжылдыққа жасалып, ол Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды және ҚР ИДМ ТРМК интернет-ресурсына жариялау үшін жолданды.

«ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК, «ҰАО» ЖШС ведомстволық бағынышты ұйымдармен өзара әрекеттесу

Департамент басшысының бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған дөңгелек үстелдерді бірлесіп өткізу кестесіне негізінде Департамент «ҚазСтИн» РМК бөлімшесімен бірлесіп дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізеді және Атырау облысындағы индустриаландыру картасына енген кәсіпорындарға бару арқылы техникалық реттеу және КО ТР жобаларын талқылау бойынша туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Әр аптаның сейсенбі күндері департамент мәжілістерінде, қажет болған жағдайда, «ҚазСтИн» РМК Атырау бөлімшесінің басшысы қатысады, сонымен қатар, екі бөлімнің қызметкерлері стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың жобаларын одан әрі Комитет және «ҚазСтИн» РМК - ға ұсыныстарды ұсыну үшін бірлесіп талқылайды.

Атырау облысының аумағында «ҚазМетрИн» РМК, «ҰАО» ЖШС бөлімшелердің болмауына байланысты, өзара әрекеттесу пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

2018 жылы Атырау қаласында «ҰАО» ЖШС сарапшы - аудиторлардың және «ҚазМетрИн» РМК мамандарының жергілікті іс-сапарға келген кезде пайдалана отырып, департаментте қызметкерлерге сынау және калибрлеу зертханалардың құзыреттілігіне қойылатын негізгі талаптар бойынша техникалық оқу өткізді және т. б. (28.13.2018 ж. «ҰАО» ЖШС – Асхат Абдуллаев және 24.05.2018 ж. «ҚазМетрИн» РМК – Айгуль Байдуйсенова).

Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және ЖОО өзара әрекеттесу

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті ҚР мемлекеттік рәміздер мәселелері жөнінде, стандарттау, метрология және сертификаттау саласында кадрларды даярлау бойынша мемлекеттік органдарымен және жоғары оқу орындармен өзара байланыс жасайды (03.03.2018 ж., 05.06.2018 ж., 08.06.2018 ж., студенттердің тәжірибесі маусым - шілде а.ж.).

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша, бақылаушы органдардың деңгейінде өзара әрекеттесу және өзара ақпарат қағидаларын талқылау арқылы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен өзара байланысуда.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментімен, өнімнің сәйкестігін растау мәселелері бойынша өзара әрекеттесу және осы мәселе аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айында департаменттің бір қызметкерін тағылымдамадан өткізу жоспарланып отыр.

2017 жылы Кәсіпкерлер палатасымен, «Атырау Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен, сондай–ақ Сәйкестікті растау органдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

 Сапа менеджменті жүйесі

Атырау облысындағы 2018 жылғы 1 жартыжылдық есепті кезеңінде менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған жалпы кәсіпорындардың саны – 774-ті құрайды.

Осы бағытта дөңгелек үстелдер мен кездесулерде түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.


Мақаланың шыққан күні: 15.08.2018 08:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2018 22:24

Қаралым саны: 1044