Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.07.2017

Қызметтер

Донор үшін ақпарат


Донор – латын тілінен алғанда «сыйлаушы» деген мағынаны білдіреді.

Донорлар - өз қанымен миллинондаған адамдардың өмірін сақтап қалатын ынталы, ізгі жомарт жандар.

Ғылыми жетістіктерге  қарамастан қанды толығымен алмастыратын препарат табылған жоқ, оның жалғыз көзі - донор. 

Донор адам өмірін сақтай алады, өйткені ол тарту еткен қан операцияларда, бала босану кезінде, қан кетуде, ауыр жарақаттануда, күйікте, қан кеселерінде, педиатрияда, онкологияда және басқа дерттерде қолданылады.

Донорлықтың негізгі ұстанымдары: адамгершілік, еріктілік.  

Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде 450 мл мөлшердегі қан беру адам денсаулығына ешқандай  зиянсыз. Қан тапсыру донор денсаулығына және иммундық жүйесіне еш зиян келтірмейді, керісінше жаңа жасушалар пайда болып, зат алмасу күшейеді.

Бұл донордың көңіл күйінің жақсаруына ықпал етеді. Қан тапсыру үшін бір реттік қолдансытағы және стерильді бұйымдар қолданылады. Сондықтан донор инфекциядан толығымен қорғалған. Әрбір донор адам өмірін арашалап қалу үшін қанын бере отырып, өз қанының қауіпсіз екендігін және науқастың ағзасына тиімді болатынын есте сақтауы қажет.

 Донорға берілетін ұсыныстар:

Әрбір дені сау адам 18 жастан бастап донор бола алады. Донорлыққа тіркелу барысында жеке куәлігіңіз міндетті түрде болу керек.

-қан тапсыру қарсаңында ретімен дұрыс тамақтанып, арнайы диета сақтаңыз, сұйықты көп мөлшерде ішіңіз.

-процедураға дейін 48 сағат алкогольдік ішімдіктен бас тартыңыз,

-78 сағат аспирин, аналгин және құрамында аспирин, анальгетиктері бар дәрі- дәрмектерді қабылдамаңыз,

-бір сағат бұрын темекі шегуден бас тартыңыз.

 -міндетті түрде демалып, ұйқыңызды қандырып келіңіз,

-қан тапсыру қарсаңында майлы, қуырылған, ащы, кептірілген тағамдардан бас тартып,жұмыртқа, май, сүт тағамдарын пайдаланбаңыз,

-қан тапсыратын күні жеңіл таңғы ас (тәтті шәй, нан, көкөніс,жемістер, т.б) ішіңіз.

Қан тапсырғаннан кейін  сұйықтықты  көп мөлшерде ішу керек, 24 сағат ішінде  ауыр жұмыс ( биіктікте) жасауға, көлік жүргізуге шектеу қойылады.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 11:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.06.2016 11:54