Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша ақпарат

Атырау облысы бойынша 2019 жылға бөлінген квота саны - 17000 бірлік, оның ішінде 1-ші санат бойынша - 218, 2-ші санат бойынша - 4798, 3-ші санат бойынша - 9729, 4-ші санат бойынша - 1291, маусымдық шетелдік қызметкерлерге - 964.

Бөлінген квота шеңберінде 2019 жылдың 1 тамызына дейін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар саны - 8108. Оның ішінде 1-ші санат бойынша - 53, 2-ші санат бойынша - 1266, 3-ші санат бойынша - 4809, 4-ші санат бойынша - 1014, маусымдық шетелдік қызметкерлерге - 901, корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар - 65.

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» стандартына сәйкес қызмет көрсетіледі.

Аталмыш мемлекеттік қызметтің нысаны – «www.e.gov.kz», «www.elicense.kz» электрондық үкімет веб-порталы немесе қағаз түрінде көрсетіледі.

Құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: рұқсат беру – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде; рұқсатты ұзарту – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде; рұқсатты қайта рәсімдеу – 6 (алты) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет рұқсат беру және рұқсатты ұзарту кезінде ақылы түрде және рұқсатты қайта рәсімдеу кезінде тегін түрде қызмет көрсетіледі.


Мақаланың шыққан күні: 12.08.2019 10:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.09.2019 15:34

Қаралым саны: 681