Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша ақпарат

Атырау облысы бойынша 2017 жылға бөлінген квота саны 10272 бірлік, оның ішінде 1-ші санат бойынша - 156, 2-ші санат бойынша - 2124, 3-ші санат бойынша - 4918, 4-ші санат бойынша - 2274, маусымдық шетелдік қызметкерлерге -800.

2017 жылдың бөлінген квота шеңберінде жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар саны -9468. Оның ішінде 1-ші санат бойынша - 121, 2-ші санат бойынша - 1824, 3-ші санат бойынша - 4654, 4-ші санат бойынша - 2226, маусымдық шетелдік қызметкерлерге - 608, корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар -35.

Атырау облысы бойынша 2018 жылға бөлінген квота саны - 10286 бірлік, оның ішінде 1-ші санат бойынша - 121, 2-ші санат бойынша -2705, 3-ші санат бойынша - 5741, 4-ші санат бойынша - 1119, маусымдық шетелдік қызметкерлерге - 600.

Бөлінген квота шеңберінде 2018 жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар саны - 686. Оның ішінде 1-ші санат бойынша - 0, 2-ші санат бойынша - 150, 3-ші санат бойынша - 384, 4-ші санат бойынша - 17, маусымдық шетелдік қызметкерлерге - 125, корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар - 10.

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» стандартына сәйкес қызмет көрсетіледі.

Аталмыш мемлекеттік қызметтің нысаны – «www.e.gov.kz», «www.elicense.kz» электрондық үкімет веб-порталы немесе қағаз түрінде көрсетіледі.

Құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: рұқсат беру – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; рұқсатты ұзарту – 3 (үш) жұмыс күні ішінде; рұқсатты қайта рәсімдеу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет рұқсат беру және рұқсатты ұзарту кезінде ақылы түрде және рұқсатты қайта рәсімдеу кезінде тегін түрде қызмет көрсетіледі.


Мақаланың шыққан күні: 12.02.2018 05:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.06.2018 13:25

Қаралым саны: 1528