Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.08.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан көрсетілетін «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі бойынша ақпарат

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2018 жылдың және 2019 жылдың І тоқсанында Басқармада «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстары, проблемалық мәселелер мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктер

беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz  "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап–3 (үш) жұмыс күні;

өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2018 жылы 115 (оның ішінде бас тартқаны – 12) мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2019 жылдың 1 жарты жылдығына 44 (оның ішінде бас тартқаны – 3) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оның ішінде мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрену мақсатында 2019 жылға қайта даярлау және біліктігін арттыру бойынша ұсыныстар берілуде. Басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпараттық брошураларды «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік коррпорациясы» коммерциялық емес АҚ-на мемлекеттік қызметті алушылар арасында және

«Professional training center» оқу орталығында түсіндірме іс-шаралар жұмыстары жүргізілді.


Мақаланың шыққан күні: 05.07.2019 15:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.07.2019 15:20

Қаралым саны: 711