Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы бойынша 2019 жылы дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2019 жылы облыста дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу, жоғары жетістіктер спортын, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін, дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Облыста спорт инфрақұрылымы қарқынды дамытылуда.

2019 жылы спорттық имараттар саны 31 бірлікке, оның ішінде:3 спорттық кешен, 10спорттық залдар және 17 жазықтықтағы құрылғы және 1 теннис корты іске қосылып, спорттық имараттар саны 1102 бірлікті құрады.

Облыста дене шынықтыру мамандарының саны артып, дене шынықтыру ұжымдарының саны көбеюде.

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын 504 жаттықтырушы жүзеге асыруда. Былтырғыға қарағанда жаттықтырушылар саны 37-ге артып отыр. Олардың 334-і жоғары білімді.

Облыстағы спорттық-материалдық базаның нығаюы облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізді. Облыс бойынша дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны артып, жалпы облыс халқының 33,5 пайызын, яғни 215492адамды құрады.

2019 жылғы 1 қазанға халық саны-642104.

Облыстағы барлық мектептерде кешкі уақытта және сенбі, жексенбі күндері тұрғындарға қоғамдық негізде тегін спортпен айналысуына жағдай жасалған.

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында жалпы облыс бойынша 17 балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Оның ішінде 5-еуі қалада, 12-і ауылда.

Олардың ішінде биылғы жылы Жылыой ауданының Майкөмген елді-мекенінде1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.

Спорт мектептеріндеспорттың 25 түрідамытылуда. Спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны былтырғымен салыстырғанда 964-ке көбейіп, 13838 балалар мен жасөспірімдер жүйелі түрде спортпен тегін шұғылдануда.

*Секциялар: ММА, велоспорт, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, гандбол, футбол, хоккей, шахмат, тоғызқұмалақ, дзюдо, самбо, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, белбеу күресі, карате-до, карате-кекушинкай, джиу-джитсу, таеквондо, бокс, кикбокс, ауыр атлетика, стенд ату, байдарка және каноэдан ескек есу)

Спортта жоғары жетістікке қол жеткізіп жүрген 98 спортшы Жоғарғы спорттық шеберлік мектебінде және болашағынан үміт күттіретін 158 спортшы Олимпиадалық резервті даярлау Орталығындабөлек бапталуда.

Спорт мектептерінде жаттықтырушылар саны 411-ді құрап, былтырғымен (383) салыстырғанда 28-ге көбейіп отыр.

Облыста білім беру бөлімдері жанынан 6 балалар - жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары қызмет етуде. Оларда жаттығушылар саны2018 жылы -4119болса, биылғы жылы 648-ге көбейіп, 4767-ні құрады.

Облыс көлемінде 8 кәсіби спорттық клубтар жұмыс жасайды.

*Олар: волейбол, баскетбол, футбол, хоккей, бокс клубы, мүгедектер спорттық клубы, су спорты түрлері клубы, ұлттық спорт түрлері.

Спорттық клубтарда жаттығушылар саны -2617-ні құрап, 343-ке көбейді. (2018 жылы -2274).

Кәсіби 6 спорттық клуб жекешелендіріліп және сенімгерлікпен басқаруға берілген.

«Мүгедектер спорттық клубы» жанынанмүмкіндігі шектеулі жандарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында облыстың 6 ауданында спорт жөніндегі әдіскерлер жұмысқа қабылданған. Бұл санаттағы жандар арасында 646 адам спортпен шұғылдануда

Мүгедектер спорт клубына 1 спорттық кешен толығымен беріліп, мүгедек-спортшылардың оқу-жаттығу процестеріне тікелей үйлерінен тасымалдау үшін 4 автокөлік бөлінген. Спорт кешенінде тірек қозғалыс жүйелері бұзылған, есту қабілеті төмен, зағип барлық санаттағы 356 мүгедек спортшылар спорттың 16 түрімен тегін шұғылдануда.

Ауылдық жерде спортпен шұғылданушы мүгедек спортшылар саны 37-ге көбейіп, 153-ті құрап отыр. Мүгедек спортшылар18 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленген, 29-ы спорт шебері, 53-і спорт шеберіне үміткер.66 спортшы-Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық және сурдолимпиялық құрама қатарына еніп отыр.

Футболға қызығушы 520 балалар, жасөспірімдер және жастарды бір орталықта тәрбиелеу мақсатында футбол орталығы жұмыс істеуде. Жергілікті балалармен шұғылдану үшін шетелден арнайы 2 жаттықтырушы шақыртылып, жұмыс жасауда.

Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында салынған Мұз айдыны базасында шайбалы хоккейден«Бейбарыс Атырау» кәсіби спорттық клубы»КМҚК-ны жұмыс жасауда.

Мәнерлеп сырғанау спорты да дамытылуда. Шұғылданушылар саны-40.

Штаттық кесте бойынша 8 жаттықтырушы кәсіби командамен қатар жергілікті балалардан құралған команданы спортқа баулуда.

Спорттың ойын түрлері бойынша «Атырау барыстары» спорттық клубында мәнерлеп сырғанаудамытылуда.

Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының Атырау облыстық филиалына сенімгерлікпен басқаруға берілген теннис орталығында 80 бала мен жасөспірім мемлекеттік тапсырыс арқылы тенниспен тегін шұғылдану мүмкіндігіне ие болып отыр.

Облыста спорттың 22 олимпиадалық және 32 олимпиадалық емес түрін, 1 техникалық спорт түрін, 12 ұлттық спорт түрін, жалпы 67 спорт түрін және мүгедектер спортын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыстағы спорттық мекемелер мен ұйымдарда 8736спорттық секция жұмыс жасайды, оның ішінде 3432 секция ауылдық жерде.

Облыс спортшылары түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.Есепті кезең ішінде22-Халықаралық дәрежедегі спорт шебері,47-Қазақстан Республикасының спорт шебері,155-Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер дайындалды.

Жапония елінде өткізілетін Олимпиада ойындарына жолдамалар ұтып алу жөніндегі, жоғарғы жетістіктер спортын дамыту, спорт резервін дайындау, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасын таба береді.


Мақаланың шыққан күні: 05.03.2020 16:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2020 16:22

Қаралым саны: 360