2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат

2019 жылдың 10 айында Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі №285 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістермәселелері бойынша қызметі есебі.

Ағымдағы жылдың 10 айында 95 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-2.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/421 бұйрығына сәйкес, бөлім бойынша мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz ,www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 93.

Осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарымен мен механизмдерін,сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» жалпы ереже бойынша өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. www.elicense.kz веб-порталы арқылы немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні, құжаттарды тапсыру үшін күтудің уақыты – 30 (отыз) минут, тіркеу алымының мөлшері белгіленген көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

Осы бұйрыққа 3- қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмерлік белгі беру» өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі- 15 (он бес) күн, құжаттарды тапсыру үшін күтудің уақыты- 30 (отыз) минут,машинаға техникалық паспорт бергені үшін-50 пайыз, тіркеу үшін -25 пайыз, машинаға мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгісін бергені үшін- 100 пайыз мемлекеттік баж төлейді.

Осы бұйрыққа 4- қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз түрінде және /немесе электрондық. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі -2(күн) жұмыс күні, тіркеу алымының мөлшері жеке тұлғалардан-1 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғалардан – 5 АЕК-ні,кепілдің тіркелгенінкуәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін-0,5 АЕК-ні құрайды, құжаттарды тапсыру үшін күтудің уақыты – 30 (отыз) минут.

Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелердің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – портал арқылы тікелей тұрған жері бойынша 10(он) жұмыс күні ішінде және машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде, құжаттарды тапсыру үшін күтудің уақыты- 30 (отыз) минут, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге дайын екендігі туралы жылдың басында БАҚ-та хабарлама жарияланды.Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсететін қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары

Аудан бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша үш мекемеде түсіндірме іс-шаралары өткізілді, бұдан басқа мемлекеттік көрсететін қызметтердің көрсеткішін арттыру мақсатында түсірілген 1- бейнеролик жасалып, әлеуметтік желілерге орналастырылды, БАҚ-та 12 мақала жарияланды және 170-тен астам брошюра таратылды.

Бөлімде азаматтарға өз-өзіне қызмет көрсету арнайы кабинет бөлінген, онда қызмет алушыларға интернет www.egov.kz порталы электронды түрде қол жетімді және мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін күтуге арналған стол, орындықтар, құжаттарды толтыруға арналған орындар, қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталған. Қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар қамтылған.


Мақаланың шыққан күні: 19.11.2019 15:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.11.2019 15:38

Қаралым саны: 494