Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды тұтынушылар мен өткізушілерге арналған ақпарат

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуге жол берілмейді.

Зергерлік және басқа да бұйымдарға көз ретінде жасанды жолмен алынған материалдар пайдаланылған кезде затбелгілерде осы тастың асыл тас емес екені көрсетілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындағандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдар уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатады.

Зергерлік бұйымдарды міндетті түрде сынау және таңбалау туралы енгізілген нормалар тұтынушыларды жаңылыстыруға мүмкіндік береді.

Енді, зергерлік және басқа да бұйымдардағы сынамалық таңбадан басқа, тек үлгінің сәйкестілігіне ғана емес, зергерлік жұмыстың сапасына да кепілдік болып табылатын өндірушінің таңбасы да қойылуы тиіс.

Өндірушіні тұтынушыға бағдарлау бәсекелестерге қарағанда жақсы сапалы тауарды қамтамасыз етуге ұмтылу болып табылады.

Бұйымдағы атаулы таңба бедері мен сынамалау таңбасының болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылады.

2018 жылы ҚР аумағында 134 атаулы тіркелген.

Кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операциялар жасалғанға дейін асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде сараптама жүргізіледі және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.

Қабылданған нормалар тұтынушылар мен контрафактілік өнімдерді алдау жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 190-1-бабында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін, атап айтқанда сынамалау таңбасынсыз және өндірушінің атаулы таңба бедерінсіз өткізгені үшін 50-ден 150 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағына бағалы металдарды, асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 297-1-бабында 30-дан 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жауапкершілік көзделген.

Қарастырылған шаралар зергерлік өнімдер нарығын ретке келтіріп, адал кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді.

 

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология

Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментібасшысы С.Камешева

 

 

Уәкілетті ұйымдардың кодтар бар "Барыс басының" нысанын, "KZ" Қазақстанның халықаралық аббревиатурасын бейнелеумен Қазақстан Республикасының бірегей сынама таңбасы

 

Информация  для потребителей и реализаторов ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней Информация  для потребителей и реализаторов ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней Информация  для потребителей и реализаторов ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней

Мақаланың шыққан күні: 14.05.2019 17:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.05.2019 17:30

Қаралым саны: 645