Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

2018 жылы Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жұмысы туралы ақпарат

Жергiлiктi атқарушы органдар ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 Қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң реестрiне сәйкес мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетедi. Қызмет көрсету облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкiмдiктерi деңгейiнде жүзеге асырылады.

Жылыой ауданы бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын жақсарту мақсатында 2018 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша iс-шаралар жоспарлары әзiрлендi және бекiтiлдi.

Жылыой ауданы әкімі аппараты басшысының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №82 ж/қ «2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардың сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелерге тексеріс жүргізілді.

2018 жыл бойы мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімнен кешіктіру 1 фактісі тіркелді, нақтырақ аудандық білім бөлімімен.

2018 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету түрлерi бойынша 66118 қызмет көрсетiлдi, соның iшiнде қағаз түрінде 19477, баламалы түрде 31424, Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi қарай-ХҚКО) арқылы 10511 мемлекеттiк қызмет және электронды түрде 4706 мемлекеттiк қызмет түрi көрсетiлдi.

Барынша сұранысқа ие қызмет көрсетулер: «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк обьектiлерiнiң мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру» — 3404 қызмет көрсетiлген.

Аудан бойынша 2018 жылы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң жоғары көлемi «Жылыой ауданы білім бөлiмi» ММ -16182 мемлекеттiк қызмет және «Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi» мемлекеттiк мекемелерi арқылы-15727 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсететiн мемлекеттiк органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған, сол сияқты мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.

2018 жылы «Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн сақтау» және «Мемлекеттiк қызмет көрсетуге арыздану» өлшемдерi бойынша көрсеткiштердi жақсарту жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi.

Жоспарларға сәйкес өткен кезеңде келесi iс-шаралар өткiзiлдi:

2018 жылға арналған мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзудiң кестесiне сәйкес жұмыс тобы ХҚКО-мен бiрлесе отырып, қала, кент және ауылдық округтерде түсiндiру жұмысын жүргiздi және консультативтiк көмек көрсеттi.

Сол сияқты қала, кент және ауылдық округ әкiмдiктерi мемлекеттiк қызмет көрсетудi жақсарту және ведомствоға бағынышты бөлiмшелердегi iшкi бақылау бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзедi.

Тоқсан сайын аудан әкiмдiгiнiң отырыстарында аудан әкiмiнiң төрағалығымен және бiрiншi басшылардың қатысуымен мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы жөнiнде мәселе қарастырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен дайындалған «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» атты брошюралар қоғамдық көліктерге ілінді және 2950 данасы халыққа таратылды.

2018 жылда аудандық «Кең Жылой», «Құлсары» газеттерінде 23 мақалалар жарық көрді. Сонымен қатар, аудандық ХҚКО өз тарапынан аудандық бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы аудан тұрғындарына әр көрсетiлетiн қызмет жөнiнде материалдар жариялап тұрады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша 2018 жылы арыз-шағымдар болған жоқ.

Жылыой ауданы аумағында ХҚКО-ның 1 бөлiмi жұмыс iстейдi. Сол сияқты бiр ұтқыр топ ұйымдастырылып, олар шалғайда орналасқан бiр ауылдық округте қызмет көрсетедi. Аудан аумағында «Ұтқыр ХҚКО» жұмысын ұйымдастыру үшiн 1 автомашина жұмыс iстейдi.

«Ұтқыр ХҚКО» жұмысын жетiлдiру мақсатында аудан әкiмiнiң өкiмiмен аудан әкiмiнiң орынбасары жауапты болып тағайындалды.

Жергілікті атқарушы органдармен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Жылыой ауданына қарасты кент, ауылдық округтер әкімі аппараттарында қызмет алушыларға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша 2000-ға жуық ауыл тұрғындарының қатысуымен 84 түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың көп шоғырланатын орындарында 9 рет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді және мемлекеттік қызметтерді барынша электронды түрде көрсетуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Жәрмеңке туралы ақпарат Қазақстан-Атырау телеарнасынан жарық көрді. Жәрмеңкеге аудан әкімі аппаратының дербес бөлімдерінің және Халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары мен мамандары қатысты. Жәрмеңкеге қатысушы тұлғаларды мазалаған сұрақтар көбіне жер, тұрғын-үй мәселесінің төңірегінде болды. Қорытындысында, жәрмеңкеге қатысушы азаматтар осындай іс-шаралардың жиірек болғаны дұрыс деген пікір білдірілді.

Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді яғни, «Электрондық үкімет» веб-порталын ауыл тұрғындарына танымал ету және оның артықшылықтары мен тиімділін насихаттау мақсатында қала, кент және ауылдық округтердің орталық көшелерінде 2-лайтбокс, 6-билборд, 1-баннер орнатылды.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі тиімді көрсету мақсатында қала, кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік қызмет көрсететін 8 дербес бөлімдерде және аудандағы 20 жалпы орта білім беретін мектептерде қызмет алушыларға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған.

2018 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында аудан бойынша барлығы 4450 тұрғынды электронды цифрлық қолтаңба алу туралы мағлұмат беретін оқумен қамтылып, оқытылды.

2018 жылдың басынан Жылыой ауданының елді мекендері бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы барлығы 4947 қызмет көрсетілді. Оның

ішінде электрондық санды қолтаңбалар алғандардың саны 1566, электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны 3381.

ХҚКО арқылы көрсетiлетiн қызмет түрлерi автоматтандырылған және электронды форматта көрсетiледi. «Электронды үкiмет», «Е-әкiмдiк» порталын танымал ету жандандырылды.

Ауданда ХҚКО арқылы «Электронды үкiметтi» дамытуды ақпараттық алып жүру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргiзiледi. Аудан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында «Инновациялық технологиялар — ел игiлiгiне», «Электронды үкiмет», «Инновациялар» және тағы басқа тақырыптарда тұрақты басылымдар үнемі жариялануда. Бұл тақырыптағы материалдар тұрақты түрде берiледi, мемлекеттiк органдардың тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсету, компьютерлiк сауаттылықты арттыру бойынша жұмысы жарияланады, «Электронды үкiмет» арқылы әртүрлi рұқсат ету құжаттарын алудың үдерiстерiн түсiндiретiн ақпараттық материалдар шығарылады.

Газеттердiң беттерiнде e.gov.kz порталы арқылы қызмет көрсетудiң әртүрлi түрлерiн алу мүмкiндiгi туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жариялануда.

Мемлекеттiк органдардың жеке және заңды тұлғаларды қолжетiмдi және сапалы мемлекеттiк қызмет түрлерiмен, соның iшiнде электронды форматта одан әрi қамтамасыз етуi мақсатында ұсынамыз: Қала, кент және ауылдық округ әкiмдерiне, дербес бөлiмдерге:

1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерi бойынша есеп жүргiзу және статистикалық мәлiметтер жасақтау жөнiнде бөлiмдерге iшкi бақылауды ай сайын жүргiзу;

2. Қызмет көрсету мерзiмiн бұзған жауапты тұлғаларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тартумен мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетудiң сапасын арттыру мәселесiн ай сайын аппарат мәжiлiстерiнде қарастыру;

3. Қала, кент және ауылдық округтерге, дербес бөлiмдер көрсететiн мемлекеттiк қызмет көрсетулердi бағалау шеңберiнде ұсынылатын есептi мәлiметтердi жинақтаудың, дәлдiгiнiң, толықтығының сапасы бойынша әдiстемелiк ұсынымдар жөнiндегi жұмысты жалғастыру;

4. Қала, кент және ауылдық округ әкiмдерi, дербес бөлiм басшылары мемлекеттiк қызмет көрсету қызметi бойынша тұрғындардың сауаттылығын арттыру мақсатында түсiндiру жұмыстарын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына тоқсан сайын материал шығарылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

 

Аудан әкiмi аппаратының мемлекеттiк

көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау бөлiмі


Мақаланың шыққан күні: 26.02.2019 17:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.02.2019 17:21

Қаралым саны: 666