Array Орлы ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі хабарламасы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

Орлы ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі хабарламасы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бағытында округ бойынша 2016 жылға іс-шара жоспары

жасақталған. Осыған сәйкес, округ деңгейінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу шаралары жоспарлы жүзеге асырылып, нақты жұмыстар жүзеге асуда.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптарын қатаң сақтау, аппарат қызметкерлеріне және жаңадан жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалардың және олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері жөніндегі жылдық декларациялары уақытылы тапсырылды. Заң талаптары мен іс-шара жоспарының орындалуын қадағалау мақсатында округте құрамында 5 адамы бар коммисия жұмыс жасауда. Сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау мақсатында округте сенім телефоны жұмыс жасайды. 2016 жылдың 3 тоқсаны ішінде округ әкімдігіндегі сенім телефонының номері аудандық «Серпер» газетіне жарияланды. Сенім жәшігі округ әкімдігі ғимаратында орналасқан, апта сайын коммисия мүшелерімен тексеріліп отырады. Түскен материалдар болған жағдайда журналға тіркеліп, басшылықтың қарауына жіберіледі. Күні бүгін түскен арыз-шағымдар жоқ. Азаматтардан және жеке тұлғалардан түскен өтініштер уақытында қаралып жауап беріліп отыр. Округ бойынша қоғамда, өскелең ұрпақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ», «Жемқорлық індет, жою міндет», «Біз бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Сыбайлас -жемқорлық дегеніміз не? және оны алдын ала білейік», «Стоп жемқорлық» атты тақырыптарында дөңгелек үстел, ашық сабақ, сурет сайысы, семинарлар өткізілді.

2016 жылы азаматтардан және заңды тұлғалардан 9 ай қорытындысымен 73 өтініш түсті. Оның барлығы жеке тұлғалардан түскен. Заңды тұлғалардан- жоқ. Одан қаралғаны 66, 57 қанағаттандырылды, 7 қаралуда, 9 түсіндірілді. Қаралу мерзімі асқан өтініштер жоқ. Барлық өтініштерден жер пайдалану мәселесімен 69 өтініш, 4 басқа мәселелер бойынша. Округте жер учаскесіне кезекте тұрған азаматтар саны 11. 2016 жылы ХҚКО-ғы арқылы жер мәселесімен 6 өтініш түсті, барлығы да уақтылы аудандық бөлімдерге жіберіліп заңдылыққа сай мерзімінде қаралды. Заңды және жеке тұлғалардың жалға алған жер учаскелеріне округ мамандары үнемі мониторинг жүргізіп, жерлерді мерзімінде игермеген тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстарды уақтылы аудандық жер қатынастары бөліміне жолдап отырады. Жерге қатысты, жер кодексіне, сәулет заңнамаларына жаңадан қабылданған, өзгертілген және толықтырылған нормативтік құқықтық актілер округ мамандары арқылы өтініш берушілерге уақтылы түсіндірілуде.

Округтегі бюджеттік мекемелердегі материалдық құндылықтарды өз деңгейінде сақтау мен бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізілуі үнемі бақыланып отыр. 2016 жылғы арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын қатаң сақтап өткізіліп отыр. 2016 жылы 9 ай қорытындысымен округ әкімі аппараты бойынша баға ұсынысымен - 3 конкурс 2846000 теңгеге, бір көзден сатып алу бойынша - 6 конкурс 517951 теңгеге, заңдылық нормаларын қолданбай - 4 конкурс 940000 тенгеге, барлығы -13 конкурс 4303951 тенгеге өткізіліп, бөлінген қаржы мердігерлермен сатып алу келісім шартарға сәйкес толықтай мерзімінде игерілді. Сатып алу келісім шарттарын орындамаған мердігерлер жоқ. 2016 жылдың жұмыс 9 ай қортындысында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ. Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың ұғымын, сыбайлас көріністері фактілірімен тап келген кезде азаматтардың іс-әрекет тәртібін, сонымен қатар мұндай фактілерге дем бергені үшін жауапкершілігін түсіндіретін жадынама компьютірге басылып халыққа, мекемелерге таратылып, көрнекі жерге ілінді. Округтегі әрбір ұжымда бұл жұмыстар тұрақты насихатталып отыр, жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, іс-қимылдар күннен-күнге қалыптасып келеді. Алға қарай да осындай шаралар округ бойынша жалғасын таба береді.

Орлы ауылдық округінің әкімі А. Мұфтах


Мақаланың шыққан күні:: 05.12.2016 11:17
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.12.2016 11:17