Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.07.2017

Қызметтер

2016 жылы Махамбет ауданы бойынша мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жұмысы туралы ақпарат

Махамбет ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленді және бекітілді. 2016 жылы ауданға қарасты ауылдық округтер мен бөлімдердегі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша 56341 қызмет көрсетілді, былтырғы жылмен салыстырғанда (31746) 77,5 пайызға өсіп отыр. Жалпы көрсетілген қызметтің ішінде ХҚКО арқылы 7365 мемлекеттік қызмет көрсетілген, былтырғы жылмен салыстырғанда (6566) 12 пайызға өсіп отыр. Электронды форматта, яғни веб портал арқылы көрсетілген қызметтер саны –33400. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы арқылы 25 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

ХҚКО өз тарапынан аудандық бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы аудан тұрғындарына әр көрсетілетін қызмет жөнінде материалдар жариялап отырады.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған. 2016 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау» және «Мемлекеттік қызмет көрсетуге арыздану» өлшемдері бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізілді.

Махамбет ауданы аумағында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы ХҚКО-ның 1 бөлімі жұмыс істейді. Сол сияқты әр округ бойынша мобильдік «ХҚКО»-ның шығу кестесі жасақталып, халықтың жинақталуына қамтамасыз етуге жауапты мамандар белгіленді. Аудан аумағында мобильдік «ХҚКО» жұмысын ұйымдастыру үшін 1 автомашина жұмыс істейді.

Жоспарларға сәйкес ағымдағы кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді: 2016 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің кестесіне сәйкес жұмыс тобы ХҚКО-мен бірлесе отырып, ауылдық округтерде түсіндіру жұмысын жүргізді және консультативтік көмек көрсетті. Сол сияқты ауылдық округ әкімдіктері мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту және ведомствоға бағынышты бөлімшелердегі ішкі бақылау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Тоқсан сайын аудан әкімдігінің отырыстарында аудан әкімінің аппарат басшысының төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөнінде мәселе қарастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай есепке алу мен статистикалық мәліметтерді жасақтауды сапасыз жүргізу деректерін анықтау мақсатында аудан әкімінің аппаратында мемлекеттік органдарды ай сайын мониторингтеу жүргізіледі.

Аудан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында әр түрлі тақырыпта басылымдар тұрақты жарияланып отырылады. «Электронды үкімет» арқылы әртүрлі рұқсат ету құжаттарын алудың үдерістерін түсіндіретін ақпараттық материалдар шығарылды. Газеттердің беттерінде e.gov.kz порталы арқылы қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін алу мүмкіндігі туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жарияланып жүр.

Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет түрлерімен, соның ішінде электронды форматта одан әрі қамтамасыз етуі мақсатында, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін дербес бөлім басшыларына көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша есеп жүргізу және статистикалық мәліметтер жасақтау жөнінде ішкі бақылауды ай сайын жүргізу және қызмет көрсету мерзімін бұзған жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартумен мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетудің сапасын арттыру мәселесін ай сайын аппарат мәжілістерінде қарастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулерді бағалау шеңберінде ұсынылатын есепті мәліметтерді жинақтау, дәлдігі, толықтығының сапасы бойынша әдістемелік ұсынымдар жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылып, ауылдық округ әкімдеріне, мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлім басшыларына мемлекеттік қызмет көрсету қызметі бойынша тұрғындардың сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тоқсан сайын жариялап отыру жөнінде тапсырмалар берілді.


Мақаланың шыққан күні:: 20.01.2017 17:44
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.01.2017 17:44