Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Көптоғай ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

1) Көптоғай ауылдық клубта «КазТрансГазАймақ»АҚ Құрманғазы аудандық Газ шаруашылық мекеме басшыларымен 2017 жылдың 12 қаңтар күні сағ:1100 де халықпен кездесу өткізілді. Жиынға қатысқан тұрғындар – 56 адам.

2) Көптоғай ауылдық округ тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Еңсегенов 2017 жылдың 13-ші қаңтар күні ауылдық клубта сағ 1100 де халықпен кездесу өткізілді. Жиынға қатысқан тұрғындар саны - 88

3) Көптоғай ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы атқарған жұмыстарымен 2017 жылға алға қойған міндеттері туралы Балықшы ауылының тұрғындарымен 2017 жылдың 17 қаңтар күні сағ 10 00 де жиналыс өткізілді. Жиналысқа ауыл тұрғындарынан 48 адам қатысты.

4) Көптоғай ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы атқарған жұмыстарымен 2017 жылға алға қойған міндеттері туралы Көптоғай ауылының тұрғындарымен 2017 жылдың 20 қаңтар күні сағ 10 00 де жиналыс өткізілді. Жиналысқа ауыл тұрғындарынан 93 адам қатысты.

5) Көптоғай ауылдық округі бойынша құрылған қоғамдық келісім мен аналар кеңесінің мүшелерімен, мекеме басшылары және аппарат қызметкерлерімен 2017 жылдың 27 қаңтар күніҚазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі талқыланды.

6) Көптоғай ауылдық округі бойынша құрылған қоғамдық келісім мен аналар кеңесінің мүшелері, мекеме басшыларымен және аппарат қызметкерлерімен 2017 жылдың 3 ақпан күні «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

7) Мемлекеттік органдардағы құпиялық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің интернет модульмен, фото – бейнекамералармен жарақаттандырылған құрылғыларды ғимаратқа кіруіне тыйым салу және мемлекеттік органдарда ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары бар металльді шкафтарды орнатылуын қамтамасыз ету жөнінде Көптоғай ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлер арасында 2017 жылдың 8 ақпан күні жиналыс өткізілді.

8) 2017 жылдың 10 ақпан күні Көптоғай ауылдық округінде тұрғындармен округ бойынша Азаматтық қорғаныс штабының 2017 жылға жұмыс жоспарын, штаб мүшелерімен және азаматтық қорғаныс мәселелеріне байланысты топтар құрамын бекіту жөнінде жиналыс өткізілді. Жиналысқа ауыл тұрғындарынан 89 адам қатысты.

9) 2017 жылдың 21 ақпан күні Көптоғай ауылдық округінде сағат 1100 «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Көптоғай ауылдық округі жеке кәсіпкерлер, шаруақожалық басшыларымен дөнгелек үстел өткізілді. Қатысқан адам саны 11


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 15:24
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 15:24